¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
(
100
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Бирр, жүздеріңді шығыс яки батыс жаққа жөнелтулерің емес.
(Ақиқи)
бирр
(дін иелері)
, Аллаһқа, ақыретке, періштелерге, кітаптар-
ға, пайғамбарларға иман келтіріп, сондай-ақ өзіне нендей қымбат
болса да, жақындарына, жетімдерге, міскіндерге, жолаушыларға,
тіленшілерге, құл азат етуге қаражат жұмсаған, намазын мүлтіксіз
оқып, зекет бергендер, әрі байласқан уәдесін орындайтын, әрі
таршылық пен қиыншылықта, сонымен қатар соғыстың қиындығына
сабыр еткендер, міне осылар туралықтан таймағандар! Әрі осылар
нағыз тақуа жандар»
(Бақара сүресі, 177-аят)
.
Игілікке, шыншылдық пен тақуалыққа түсініктеме берілген бұл аятта
инфаққа қатысты түсініктеменің үлкен болуының мәні бар.
Бір құдси хадисте:
«Уа, Адам баласы! (Аллаһ үшін) инфақ ет, саған да инфақ етіледі»
, -
деп айтылған.
Ең құнды инфақ, мұсылмандар қиыншылықтарға тап болған
шақтарда жасалған инфақ болып табылады. Аллаһ Тағала материалдық
және рухани тұрғыдан мұқтаждықтың асқынып тұрған уағында инфақ
еткенді өзгелерден артық көріп: «Меккенің «фатхынан» (алынуынан)
бұрын инфақ еткендер», деп өзгеше сый көрсеткен.
«Сендерге, Аллаһ жолында дүние-мүлік сарп етпейтіндей не
көрінді?
(Ал ақиқатына жүгінсек)
жеті қат көк пен жердің мирасы
тек Аллаһқа тән. Араларыңдағы бұрын инфақ етіп, шайқасқан
жандар,
(өзгелерімен)
тең емес. Олар дәреже тұрғысынан,
(Меккенің
алынуынан)
кейін инфақ етіп, шайқасқан жандардан артық.
(Бірақ
соған қарамастан)
Аллаһ барлығына бірдей үлкен сый
(жәннат)
беретіндігін уәде етті. Аллаһ, іске асырған күллі іс-әрекеттеріңнен
хабардар»
(Хадид сүресі, 11-аят)
.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) инфақтың артықшылығын төмендегі мына
хадистерде баян етеді:
«Күнде таңертең екі періште (көктен) түседі.
Олардың бірі: «Уа, Раббым! Инфақ еткенге, инфағының қайтарымы
ретінде жаңасын нәсіп ет», - деп дұға етеді. Ал екіншісі: «Уа, Раббым!
Сараңдық еткеннің, дүние-мүлкін құрта көр», - деп дұға етеді»
(Бұхари,
Зекет 27; Мүслим, Зекет 57)
.
«Уа, Адамбаласы!Мұқтаждығыңнан артылған дүниені садақа ретінде
беруің, сен үшінжақсы(болады).Мұқтаждығыңа керекті дүниені қолыңда
ұстағандықтан айыпталмайсың. Игілікті, бала-шағаңнан баста. Беруші
қол, алушы қолдан абзал»
(Мүслим, Зекет 97; Тирмизи, Зүһд 32)
.
«Кімде-кім адал тапқан малынан бір құрманы садақа ретінде берсе
(Аллаһ адалдан басқасын қабыл етпейді) Аллаһ Тағала ол садақаны қабыл
алады. Кейін оны тау тәрізді үлкейгенге дейін, араларыңдағы біреудің