(
97
¥ÛÇÌÅÒ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
бұзылғандығы, судың жеткілікті мөлшерде ақпайтындығы ел аузында
айтылып жүрген болатын. Мұны естіген Миһриман ханшайым, әкесінің
құзырына шығып бұл ескі, тозығы жеткен су құбырларын жөндеуді бас
сәулетші Синанның басқаруын, әрі бұл игі істің құпия болуын әрі бұл
игілік үшін өзінің барша әсемдік бұйымдарын сарп ететіндігін айтып
өтінді. (50000 алтын жұмсағандығы деректерде кездеседі) Сәулетші
Синанның Сүлеймания мешітінің фундаментін құйғаннан кейін, біраз
уақыт жоқ болып еткен еді. Мұның себебін білер кісі жоқ. Мешіттің негізі
нық отыру үшін әдейілеп жоғалып кеткен деседі жұрт. Ал ақиқатына
жүгінсек оның жоғалып кетуінің себебі «Айнуз-зубайданың» жөнделуі
және бұл игі істің иесі Миһриман ханшайымның игілігінің құпия күйде
қалып қоюында жатыр.
***
Ханшайымдар арасында көптеген игі істерге мұрындық болған
жандардың бірі Базмиалем ханшайым еді. Ол ғасырлар бойы халыққа
қызмететіпкелгенөтекөпғимараттарқалдырды.Салдырғанмешіттерінің
ең үлкені Долмабақша сарайының жанындағы «Уалида» мешіті болып
табылады. Әйгілі Галата көпірі де оның уақыф еткен дүниесі.
Әсіресе Шамда құрған уақыфының ерекше көзге түсетін қасиеттері
бар. Уақыфтың шарты мынадай:
1. Шамның тәтті суын қажыларға жеткізу.
2. Қызметкерлер сындырған немесе зиян тигізген нәрселерді, олардың
абыройы мен тұлғасына тіл тигізбестен уақыф (қор) есебінен өтеу.
Жақсылығы көптеген аймаққа жеткен ханшайымның ең үлкен
игіліктерінің бірі, өз есебінен орасан зор қаржы бөлдіріп салдырған
«Ғурабайы-муслимиин» ауруханасы еді. Ол оны уақыф етті. Бұл үлкен
ғимарат мешіті және су көзімен бірге 1843 жылы қызметке берілді. Сол
күннен бері Мұхаммед үмбетінің пақырларына шипа беріп келеді.
Ханшайымдар игілік істерінде әрдайым суға ерекше көңіл бөліп
отырған. Мекке, Арафаттағы тәрізді Стамбулда да көптеген су
көздерін аштырған. Осы шаққа дейін жеткен құбырларды тарттырып,
Стамбулдағы су мәселесін түбегейлі шешкен.
Өйткені Хақ Тағала барша нәрсені судан жаратқандығын, Құран
Кәрімде айтып өткен.
64
Әрі суды өмір сүрудің негізі еткен. Сондықтан
су қызметі, Хақ Тағала жаратқан махлұқатқа жасалатын игіліктің бірі
болып табылады. Тіпті кез келген жанның, шөлдеген кісіге бір кесе су
ұсынуы да айтып отырған мәселемізге кіреді.
Осындай уақыф қызметтерімен атағы жер жарған жандардың бірі,
64. Әнбия сүресі, 30-аят.