Previous Page  92 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 92 / 462 Next Page
Page Background

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

(

92

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Бұл қызметкердіңшамамен алты ай бұрын істеген ұрлығымен пара алуы

дәлелденсе де, сіз оған кешірімжасадыңыз. Ал қазір болмашы бір хабарға

сүйене отырып оны жер аударуға үкім шығардыңыз», - деп сұрады.

II Абдулхамид хан бас уәзіріне қарап: «Жоқ, паша! Мен оны бұл

хабарға сүйене отырып жер аудартып отырғаным жоқ. Негізгі себеп,

сен айтқан ұрлық пен пара алу қылмысы. Оған қоса әлгі хабарды

өзім ұйымдастырдым. Бірақ оны алты ай бұрын осылай істеместен

дереу жазаландырсам тек өзін емес, бала-шағасын, туыстарын бірге

жазаландыруға мәжбүр болар едім. Олар өз әйелдерінің, достарының

алдында масқара болар еді. Ал қазір бұл кісі менің билігіме қарсы

шыққан қаһарман ретінде танылады... Бұлай болуын артық көремін», -

деп жауап берді.

Адамдардың ойында өзіне қарсы пікірлер тууына разы болып, бір

жанұяның абыройын, қадірін ойлай білу нендей ұлы адамшылық, ізгілік

және мейірімділік мысалы.

***

Дерекке сүйенсек мейірімділік атаулыдан жұрдай бір кісі бұзауды

анасының көзінше сойғаннан кейін қолы семіп қалды. Бір күні әлгі

кісінің алдына ұясынан түсіп қалған балапан құлады. Құс анасы қаншама

шырылдағанымен балапанды қайта ұясына көтере алмады. Сонда әлгі

кісінің мейірімділігі оянып, балапанды көтеріп ұясына салды. Аллаһ

Тағаланың мейірімі түсіп, әлгі кісінің қолы жазылып кетті.

***

Шанаққала соғысында иманды әскеріміздің кең рақымдылық және

мейірімділік сезімі тек мұсылмандарды ғана емес, өздерін өлтіруге

келген дұшпандарды да қамтыған болатын.

Бір мың тоғыз жүз отызыншы жылы соғыста қайтыс болған

француздарға арналған ескерткіштің ашылу салтанатына келген

француз генаралы Гуро, шәһит түрік жауынгерлерінің қабірлерін зиярат

етуді сұранды. Маңайындағы көпшілігі француз болған жандарға қарап:

«Мырзалар! Мұсылман түрік жауынгерлері сирек кездесетін ерекше

тұлғалар. Бұл жайында жадымда сол күйі қалып қойған мына өнегелі

уақиғаны айтып берейін.

Бір күні таң атып күн сәулесі енді арайлап келе жатқан кез болатын.

Бірден түріктермен қиян-кескі шайқас басталып кетті. Олар өте көп

болатын. Әрі өте шебер шайқасатын. Жекпе-жекте дес бермейтін. Кешке

дейін жалғасқан айқастан кейін жаралыларды, өліктерді жинап алайық

деп екі жақ келісімге келдік. Екі жақ өз жаралыларын, өліктерін жинай

бастағанда мен де шайқас алаңына шықтым. Ол у-шуда абстрактты

суреттер салатын суретшілердің қыл қаламынан тумайтын көрініс көз