Previous Page  90 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 90 / 462 Next Page
Page Background

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

(

90

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

алды. Құлды азат етіп, бауды оған тарту етті.

59

***

Деректерге сүйенсек Хазірет Жунайд Бағдадидің бір шәкірті

бар еді. Бір күні ол өзінің кісілігіне дақ түсіретін бір әрекет жасап,

ұсталып қалған болатын. Бұл әрекетіне қатты қысылып ұялған шәкірт,

дәргаһты тастап, қайтып ол жерге келмеді. Арадан біраз уақыт өтті.

Рухани дүниесі күйзеліске ұшыраған бұл шәкірт, өзінің әңгіме-дүкен

құратын жолдастарымен базардың тұсынан өтіп бара жатқан Жунайд

Бағдадидің көзіне түсті. Шәкірт ұстазын байқап қалып, ұялғанынан

дереу ол жерден тездетіп алыстай бастады. Жағдайды түсінген ұстаз

жанындағыларға бұрылып: «Сендер кете беріңдер. Менің ұямнан бір

құсым ұшып кетіпті»,-деп шәкірттің соңына түсті. Артына бұрылып

бір қараған шәкірт, өзінің соңынан келе жатқан ұстазын көріп қатты

толқып, қадамдарын жиілетті. Біраз жүріп барып, соңы бітіп қалатын

тұйық көшеге түсті. Ұялғанынан не істерін білмеген шәкірт, сасқанынан

басын қабырғаға ұрды. Ұстазын өзінің алдында көргенде алуан түске

еніп, басы салбырап кетті. Хазірет Жунайд Бағдади: «Балам! Қайда кетіп

барасың? Кімнен қашып жүрсің? Ұстаздың шәкіртіне тиер жәрдемі мен

оны сергітер насихаты дәл осындай қиын сәттерде болмақ»,-деді. Оны

мейірім толы кеудесіне басып, дәргаһқа ертіп әкелді. Шәкірт ұстазының

аяғына жығылып, жасаған іс-әрекеті үшін тәубе етті.

Ислам діні, кінәліні қоғамнан аластап тастаудың орнына оған

мейірімділк танытып, рухани дерттеріне дауа болуды насихат етеді.

Өйткені мейірімге қатты мұқтаж болған жандар, күнәның батпағына

белшесінен батып, рухани дүниесі күйзеліске ұшыраған күнаһарлар

болып табылады.

Бұған ұқсас уақиға өзіміз өмір сүріп отырған дәуірімізде де болған

еді.

Марқұм Махмұд Сами Рамазанұлының бір шәкірті рухани тұрғыдан

қатты күйзеліп, мас күйде есігінің алдына келген еді. Есікті ашқан

кісі: «Мынауың не? Кімнің есігінің алдында тұрғаныңды біле місің?» -

деп айқай салды. Әлі құрыған бишара: «Мені мейірім толы құшағына

басатын басқа есік бар деймісің?,-депшарасыздығын білдіреді. Бұлшуды

құлағы шалып қалған Махмұд Сами мырза дереу есікке келді. Ішкі жан

дүниесі күйреген шәкіртін үй ішіне алып кіріп, оны өз рухани дүниесіне

қонақ етті. Оның күйреген жан дүниесін мейірімділік, рақымдылық

және сүйіспеншілікпен қайта жандандырды. Мұндай нәзік әдіс қолдану

арқылы қайта тура жолға түскен кісі, уақыт өте келе ізгі жандардың

қатарына енді.

59. Ғаззали, Кимяи Сағадат, ауд.Фарук Меян, Станбул 1977, 467.