(
85
¥ÛÇÌÅÒ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Пайғамбарымыз (с.а.у.) рақымды жан болатын. Бұл оның басты
сипаттарының бірі еді. Аллаһ Тағала оны жер жүзіне «рақымдылықты
таныту» үшін жіберді.
54
Аллаһ Тағала өзінің көркем есімдері болып
табылатын «раууф» (аса рақымды) және «рахиим» (ерекше мейірімді)
сипаттарынПайғамбарымызға (с.а.у.)нәсіпетті.
55
Алақиқатынажүгінсек,
одан бұрын келген пайғамбарларға бұл сипаттардың екеуі бірден нәсіп
болмаған еді.
56
Күллі махлұқатқа рақымдылық таныту, жылы шырай көрсету
иманның кемелдігіне ишарат етеді. Кәміл мүмин қараңғы түндегі
толған ай секілді нұрын шашады. Халықшыл, көпшіл болады. Оның
басты ұстанымдарының бірі жомарттық, сақилық. Сонымен қатар
бойынан сезімталдық, сыпайылық, биязылық байқалады. Рақымдылық
пен мейірімділік оның ажырамас серігіне айналады. Мейірімділік пен
рақымдылық атаулыдан жұрдай жандар, кеудесінен жаны шыққан өлік
секілді жылуы болмайды.
Хадис-шәріптерде былай деп айтылады:
«Рақымдылық танытқанға Рахман (аса рақымды) Хақ Тағала
рақымдылық көрсетеді. Жер жүзіндегілерге рақымдылық танытсаңдар,
көк жүзіндегілер сендерге рақымдылық танытады»
(Тирмизи, Бирр 16/1924)
.
«Мейірімділік танытпағанға, мейірімділік көрсетілмейді»
(Бұхари, Әдеп
18; Мүслим, Фадайл 65)
.
«Мейірімділік тек бақытсыздың жүрегінен алынады»
(Тирмизи, Бирр
16/1923; Әбу Дәуіт, Әдеп 58/4942)
.
Жаратушының назарымен, махлұқатқа рақымдылықпен назар салу
қасиеті Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) төмендегі мына хадисінде айтылған.
БіркүніАллаһЕлшісі(с.а.у.)сахабаларынақарап:«Жанымдықолында
ұстап тұрған Аллаһқа ант етейін, бір-біріңе мейірімділік танытпасаңдар
жәннатқа кірмейсіңдер», - деді.
Сахабалар: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Баршамыз мейірімді жанбыз», -
десті.
Пайғамбарымыз (с.а.у.):
«Менің айтып тұрғаным, сендердің
түсінгендерің секілді бір-біріңе деген мейірімділік емес. Керісінше күллі
махлұқатты қамтитын мейірімділік. Иә, күллі махлұқатты қамтитын
мейірімділік»
, - деп сөзіне түсініктеме берді.
57
54. Әнбия сүресі, 117-аят.
55. Тәубә сүресі, 128-аят.
56. Құртуби, әл-Жамиғ ли ахкамил-Қуран, Бейрут 1985, VIІ, 192.
57. Хаким, әл-Мүстәдрак аләс-Сахихайн, Бейрут 1990, ІV, 185/7310.