Previous Page  86 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 86 / 462 Next Page
Page Background

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

(

86

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Мүминдердің иман сезімін толқытатын, нәпсі өзімшілдігінен

құтқаратын, рухани деңгей тұрғысынан кемелдендіретін ең басты

қасиеттердің бірі мейірімділік болып табылады. Мейірімділіктің жемісі

жомарттық, қарапайымдылық, қызмет ету және күңшілдіктен құтылу.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) былай дейді.

«Мүминдер бір-біріне деген сүйіспеншілікте, бір-біріне деген

жанашырлықта және бір-бірін қорғауда бір денеге ұқсайды. Дененің

кез келген ағзасы ауырғанда, өзге ағзалар да ұйқысыздыққа тап болады.

Қызуы көтеріледі»

(Бұхари, Әдеп 27; Мүслим, Бирр 66)

.

Мейірімділік, бұл дүниеде ар-ождан тыныштығы. Пейіштің сүйіншісі.

Ал ақыретте мәңгі бақытты болудың кепілі.

Бір кісі Мұғаз ибн Жәбалға келіп: «Маған насихат айтшы», - деген

еді.

Мұғаз: «Мейірімді бол! Пейішке кіруіңе мен кепіл болайын», - деп

жауап берген болатын.

ӨНЕГЕЛІ КӨРІНІСТЕР

Бір бәдәуи ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) балаларды сүйіп

жатқандығын көріп, таң қалып: «Демек, сен балаларды сүйеді екенсің

ғой. Ал біз, ақиқатын айтар болсақ оларды еш сүймейміз», - деді.

Бәдәуиге жаны ашып, қараған Пайғамбарымыз (с.а.у.):

«Аллаһ Тағала

сенің жүрегіңнен мейірімді алып қойса, мен не қылмақпын?!»

- деді

(Бұхари,

Әдеп 18; Мүслим, Фадайл 65)

.

***

Пайғамбарымыз (с.а.у.) қызы Зейнептің өлім тырнағына ілігіп,

жанталасып жатқан баласын көргенде, көңілі босап жылаған еді.

Мұны байқап қалған сахабалар таңданыстарын жасыра алмай: «Сіз де

жылайсыз ба? - деп сұрады. Аллаһ Елшісі (с.а.у.):

«Бұл мейірімділіктің

көрінісі. Аллаһ Тағала оны құлдарының жүрегіне салады. Хақ Тағала тек

мейірімді құлдарына ғана мейірімділік танытады»

, - деп жауап берді

(Бұхари, Жанайз 33; Мүслим, Жанайз 11)

.

***

Әбу Усайд (р.а.) Бахрейннен әкелген тұтқындармен бірге

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) құзырына келген еді. Аллаһ Елшісі (с.а.у.)

бір тұтқын әйелдің жылап тұрғанын байқап қалды. Оған:

– Неге жылап тұрсың? - деп сұрады. Әйел:

– Мына кісі ұлымды сатып жіберді, - деді. Аллаһ Елшісі (с.а.у.) Әбу

Усайдқа қарап: