Previous Page  82 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 82 / 462 Next Page
Page Background

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

(

82

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Адам баласы:

«Сен әлемдердің Раббысысың, мен саған қалай су берер едім?» -

дейді.

Аллаһ Тағала:

«Пәленше деген құлым, сенен су сұраған еді. Сен бермедің. Егер оған

сұрағанын бергенде, бергеніңнің сауабын менің құзырымда алар едің.

Мұны білмеуші ме едің?» - дейді

(Мүслим, Бирр 43)

.

Сондықтан біз мүминдер өз ортамызға жауапты екендігімізді сезініп,

қоғамдық қызметтерге үлкен мән беруіміз қажет.

Адамдарға жақсылық жасауды әмір етіп жамандықтан тыю,

оларды ренжітпеу, жеке басымызға жасалған жапаға сабырлық таныту,

адамдармен жақсы қарым-қатынаста болу, жұма намазына бару,

мұсылмандармен бірге білім, зікір мәжілістерінде болу, аурудың көңілін

сұрап шығу, жаназаға қатысу, мұқтаж жандарға жәрдем беру, надандарға

жол көрсету тағыда басқа қоғамдық қызметтер Аллаһ Елшісінің сүннеті

болып табылады. Өйткені ол барша ғұмырын Аллаһтың құлдарына

қызмет етуге сарп еткен.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) өмірінде көптеген қиыншылықтарға тап бо-

лып, жапа шеккен. Солардың барлығына сабыр еткен. Бірақ кейін ісі алға

басып, Аллаһтың мұсылмандарға күш және жеңіс нәсіп еткен шағында

да өз рақатын еш ойламаған-ды. Туысының жәбір көріп жүргеніне қатты

қынжылған Аббас (р.а.) әлемнің мақтанышы Пайғамбарымызға (с.а.у.)

биік тақтың үстінде отырып, олардың жапасынан құтылуын сұранғанда,

ғаламның рақым нұры:

«Жоқ. Аллаһ мені олардың арасынан алып, тыныш тапқаныма дейін,

олардың арасында боламын. Олар келіп өкшемді бассын, киімімді

тартсын, көтерген шаңымен менің мазамды алсын», - деді

(Ибн Сағд II, 193;

Хайсам IX, 21)

.

Ал мүминдерге де былай деді:

«Кез келген мұсылман жан, адамдардың арасында болып олардың

көрсеткен жәбіріне сабырлық танытса, олармен араласпай, олардың

көрсеткен жәбіріне сабырлық тынатпағаннан қайырлы»

(Тирмизи, Қиямет

55/2507)

.

Мүминнің дін бауырына күлімсіреуі, сәлем беруі, жолдағы тасты

алып тастауы, біреуге жол көрсетуі, жүгін таси алмағанға жәрдем етуі,

білмегенге үйретуі, адал мал тауып, жанұясын бағуы, қайғыға душар

болып көңіліне кірбің ұялаған жандарды жұбатуы, инфақ жасауы және

тағыда басқа игіліктер оған таптырмас, құнды құлшылық әрі қызмет

болып табылады. Хақ Тағала рақымдылығының нышандарының бірі