¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
(
88
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
тіпті хайуандар зұлымдықтан құтылып, мейірімділік пен рақымдылықты
ұқты.
***
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) қойдың құлағынан тартып, бауыздауға апара
жатқан біреуді көріп қалып дереу араласып:
«Хайуанның құлағын жібер,
мойнынан ұста»
, - деп әмір етті
(Ибн Мәжә, Забайх 3)
.
Әрі Пайғамбарымыз (с.а.у.) пышақтың хайуаннан жасырын
қайралуын, оған көрсетілмеуін бұйырған.
«Араларыңдағы кез келген
біреу жануарды бауыздағанда, оны тез және мүлтіксіз орындасын»
, -
деген
(Ибн Мәжә, Зәбайх 3)
.
***
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) жолда кетіп бара жатып бір топ кісіге
жолықты. Олар көліктерінің үстінде бір-бірімен әңгіме соғып тұрған
еді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) оларға қарап:
«Көліктеріңді зорықтырмай
мініңдер. Ал (мінбейтін болсаңдар) дем алдырыңдар. Оларды жолдағы,
көшедегі әңгімелерің үшін орындық қылмаңдар (үстінде отырып алып
бір-біріңмен әңгіме соқпаңдар). Көптеген көлік, үстіндегі иесінен артық.
Хақ Тағаланы иесінен көбірек зікір етеді»
, - деді
(Ахмед III, 439)
.
Тек күшті, азулы ғана өмір сүретін қарабайыр қараңғылық дәуірде
тіпті хайуандардың бірнеше құқығы бар деп жариялануы, Исламның
ақиқат, рақымдылық, мейірімділік діні екендігін көрсетері сөзсіз.
Атап айтар болсақ, көптеген хайуандардың мініп жүрген ғапыл
иесінен артық екендігінің, Аллаһты қожайынынан көбірек зікір
ететіндігінің бізге баян етілуі көп нәрсені аңғартады. Бізге, мүминдерге
күллі махлұқатқа рақымдылық көзімен қарауымызды үндейді. Барша
жаратылыс өзінің деңгейінде Аллаһ Тағаланы әрдайым зікір етеді.
Бірақ біздің есту мүмкіндігіміз шектеулі болғандықтан оларды тыңдай
алмаймыз. Бұл ақиқат Құран Кәрімде былай деп баяндалады:
«Жеті қат көк пен жер, тіпті осы екеуінің ішіндегілердің барлығы
Аллаһтыпәктейді. Күллі нәрсе онымадақтап, дәріптейді. Бірақ сендер,
олардың пәктеулерін
(тасбихтарын)
түсінбейсіңдер! Шүбәсіз Аллаһ,
өте жұмсақ, әрі аса кешірімшіл»
(Исра сүресі, 44-аят)
.
***
Ашаршылық жылдарында Жүсіптен (а.с.): «Сен қазынаға жауапты
қызметкер болсаң да, әрі оны сарп ету өз еркіңе берілсе де, аш қаласың?
Тойып бір жемейсің», - деп сұралған еді. Жүсіп: «Мен тойып жесем
аш болғандарды ұмытып, олардың халдерін түсінбей қаламын ба деп
қорқамын», - деп жауап берді.
58
***
58. Бурсауи, Рухул Баян, Станбул 1969, ІV, 284.