(
87
¥ÛÇÌÅÒ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
– Мына әйелдің ұлын сатып жібердің бе? - деп сұрады. Әбу Усайд:
– Иә! - деп жауап берді.
– Кімге саттың? - деп сауал қойды. Ол:
– Абс руының кісілеріне, - деп жауап берді. Пайғамбарымыз (с.а.у.)
сахабасына қарап:
– Көлігіңе мін. Барып мына әйелдің ұлын дереу алып кел, - деп әмір
етті
(Әли әл-Муттақи IV, 176/10044)
.
***
Хазірет Омар былай дейді.
Бір күні Аллаһ Елшісіне (с.а.у.) тұтқындар әкелінді. Бір қарасақ
тұтқындардың ішінен бір әйел аласұрып, жоғалған баласын іздеп жүр.
Тұтқындардың арасынан сәби көрсе дереу оны кеудесіне қысып, емізіп
жатты. Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Мына әйел баласын отқа тастайды деп
ойласыңдарма?-депбізденсұрады.Біз:«Жоқ.Уаллаһи,отқатастамайды»,
- деп жауап бердік. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Мінекей Аллаһ Тағала,
мына әйелдің баласына деген мейірімінен де аса мейірімді», - деді.
***
Мұсылмандар тіпті қас жаулары болған Аллаһтың құлдарына
рақымдылықпенмейірімділіктанытқан.МусғапибнУмайырдыңбауыры
Әбу Ғазиз Бәдірде мүшріктердің туын ұстаған еді. Соғыста мүшріктер
жеңіліп, ол қолға түсті. Әбу Ғазиз тұтқындық өмірін, мұсылмандардан
көрген мейірімділік пен рақымдылықты былай деп баяндайды.
«Бәдір соғысында мен тұтқынға түсіп, Ансардың бір топ кісісінің
қарауына берілген едім. Бәдірден қайтқанымызда, олар маған таңертеңгі
және кешкі астарынан нандарын маған тарту етіп, өздері кепкен құрманы
жейтұғын. Өйткені Аллаһ Елшісі (с.а.у.) бізге, яғни тұтқындарға жақсы
мәміле жасауларын өсиет еткен еді. Олардың бірінің қолына нанның
бір тілімі тисе, дереу маған әкеліп беретін. Мен қатты қысылып, ұялып
нан тілімін олардың кез келген біреуіне қайтып беретінмін. Бірақ ол нан
тілімін маған қайта беріп, қол тигізбейтін
(Ибн Хишам II, 288; Хайсами VI, 86)
.
***
Әбу Уақид (р.а.) былай деп әңгімелейді:
Аллаһ Елшісі (с.а.у.)Мәдинаға келгенде жұрт тірідей түйенің өркешін
кесіп, қойдың санынан ет кесіп алып жейтұғын. Мұны көрген Аллаһ
Елшісі (с.а.у.):
«Хайуан тірі тұрғанда, одан кесіліп алынған ет өліктің
үкімінде, ол желінбейді»
, - деді
(Тирмизи, Сайд 12/1480)
.
Ғаламның рақым нұры Пайғамбарымыздың жарық дүниеге келуімен