(
91
¥ÛÇÌÅÒ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
***
Әсма бинти Әбу Бәкір (р.а.) былай деп нақыл етеді:
Жәһилия (исламнан бұрынғы, қараңғы дәуір) дәуірінде Зәйд ибн
Амрдың арқасын Қағбаға сүйеп: «Ей, Құрайыш руы! Уаллаһи, менен
өзгелерің Ибраһимнің (а.с.) дінінде емессіңдер», - деп айтқанын естіген
едім.
Зәйд тірідей топыраққа көмілейін деп жатқан қыздарды құтқарып
қалатын. Қызын өлтіргісі келген жанға: «Оны өлтірме. Оның барша
ауыртпалығын мен мойныма алайын»,-деп қызды қолынан алып қоятын.
Қыз бойжетіп, үлкейген шағында әкесіне барып: «Қаласаң оны саған
қайтып берейін. Қаласаң мұқтаждықтарын мен өтей берейін», - дейтін
(Бұхари, Мәнақибул-Ансар 24)
.
Зәйдтің бойындағы бұл мейірімділік сезімі, оны Аллаһқа серік
қосудан және күпірліктен сақтап, «ханиф» болып дүниеден өтуіне
септігін тигізген. Аллаһ Елшісі (с.а.у.) ол жайлы:
«Ол, қиямет күнінде,
мені мен Исаның (а.с.) арасында бөлек үмбет болып қайта тіріледі»
, -
деген
(Хайсами IX, 416)
.
***
Хазірет Мәулана «Мәжалис-сабға» атты еңбегінде төмендегі мына
уақиғаны баяндайды.
Қарызға ет сататын қасапшылардың бірі есеп-қисап ісін жүргізу үшін
бір жас жігітті жұмысқа алған еді. Оған: «Пәленшеге мұншама, түгеншеге
мынадай мөлшерде ет берілді», - деп жаздырып тұратын. Бір күні бір құс
ұшып келіп, бір тілім етті жұлып әкетті. Қасапшы дереу жігітке: «Құсқа
да жүз дирһам деп жазып қоюды ұмытпа», - деді.
Сол баяғы құс дағдысы бойынша бір күні қайта ұшып келді. Қасапшы
тұзақ құрып қойған болатын. Құс тұзаққа түсіп қалды. Қасапшы дереу
басын шауып, өзге құстарға үлгі болсын деген ниетпен биіктеу жерге іліп
қойды. Жігіт қасапшыға қарап: «Анау жолғы қарызды құстың есебіне
жазған едім. Ал құстың ақысын сенің есебіңе қанша деп жазайын», - деп
сұрады. Қасапшы өкіріп жіберіп: «Еттің есебі оңай. Бірақ бастың есебін
сұрап жатса не қылмақпыз?» - деп жылауға басты.
***
II Абдулхамид хан заманында мемлекеттікжоғарғықызмет атқаратын
қызметкердің Чыраған сарайының алдынан өтіп бара жатып: «Аһ,
Сұлтан Мұрат мырзам! Сен басымызда болсаң, осылай болар ма еді?» -
деп айтқандығын тыңшылар жеткізді деген желеумен оны Физанға жер
аудару туралы сұлтанның жарлығы шықты. Бұған қарсы шыққан бас
уәзір Сағит Раша сұлтанға келіп: «Мырзам! Мұның не екенін түсінбедім.