Previous Page  93 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 93 / 462 Next Page
Page Background

(

93

¥ÛÇÌÅÒ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

алдымда тұрған еді. Бұлардың барлығын ойымнан шығарып, қатты

таңданып жүрісімді жалғастырдым. Бір жаралы түрік жауынгері

өз жарақатына уыстап топырақ төгіп, ал құшағындағы жаралының

жарақатына көйлегін жыртып таңып жатыр екен. Мырзалар! Өз

жарақатынауыстаптопырақтөгіп, алқұшағындағыжаралыныңжарақаты

үшін көйлегін жыртып жүрген қаһарман жауынгердің құшағындағы

жаралыны кім деп ойлайсыздар?.. Осы сөздерді айтқаннан кейін генерал

көз жасына булығып шашалып қалды. Көз жастарын орамалымен

сүртіп жатып, терең тыныс алды. Қарлыққан дауыспен: «Мырзалар!

Түрік жауынгерінің құшағындағы жаралы, француз жауынгері болатын.

Француз жауынгері...», - деді. Артынша жерге тізерлеп отырып қалды.

Қолымен бетін жауып, көз жасына ерік берді.

Жауынгердің бойындағы бұл керемет қасиет, мүминнің ішкі жан

дүниесінің көкжиектерін көрсетуге жеткілікті. Ол жаратушыға деген

махабаттан тұтанған жаратылысқа мейірімділіктен, рақымдылықтан

және Пайғамбарымыздың (с.а.у.) көркем ахлағына еліктеуден туған еді.

***

Ата-бабамыздың кеңпейілді және мейірімді болғандығын көрсететін

еуропалық Корнейл Ле Брайн атты кісінің көзімен көрген төмендегі

мына уақиғасы нендей ғибратқа толы десеңізші!.

«Түріктердің игілігі тек адамдармен шектеліп қалмай құстарды да

қамтыған еді. Араларындағы бәз біреулер құс базарларына әрдайым

келіп, қапаста отырған құстарды сатып алып дереу босатып жіберетін.

Бұлай істеулерінің себебі, қиямет күні әлгі құстардың Аллаһтың

құзырына келіп, адамдардан көрген жақсылығына куәлік ететіндігіне

нануында жатыр».

***

Осман империясына жасаған саяхатында көрген есепсіз ізгілік

мысалдарын жадында сақтауға қиналған француз Комте де Бонневал

төмендегі мына бір көріністі тілге тиек етеді.

«Осман империясында жеміс бермейтін ағаштардың сусыздықтан

қурап қалмауы үшін, күнделікті суғарылып тұруына жұмысшыларға

қаржы уақыф етуге дейін шектен шыққан түріктерді көру мүмкіндігіңіз

бар».

Ислам дінінің адамзат баласына сыйлаған көңіл заңғар биігін

танымайтындардың таңдануы ғажап емес. Ал барша жаратылысты

Раббысыныңаманатыретіндеқабылетіп, мейірімділікжәнерақымдылық

шуағын төккен мүминдер үшін табиғи бір іс болып табылады.

***