Previous Page  96 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 96 / 462 Next Page
Page Background

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

(

96

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

ерекше көзге түскендігімен, уақыфтар құрудағы еңбегімен, мұқтаж және

пақыр жандарға қол ұшын беруімен рақымдылық пен мейірімділіктің

асқар шыңына айналған болатын.

***

Көсем ханшайым негізін салғанымен, бітіруге ғұмыры жетпей

жарым-жартылай құрылысы тоқтап қалған «Ени жамиді» (жаңа

мешітті) тәмамдап, қызметке беру Хадиша Тұрхан ханшайымға нәсіп

болған еді. Оған қоса оның мектеп, медресе, имарет, кітапхана, су көздері

тәрізді көптеген игіліктері бар. «Ени жамидің» уақфиясындағы мына

шарт, кез келген жанды елең еткізері хақ. Ол шарттың мазмұны, қасиетті

түндер мен Рамазан түндерінде кейбір су көздерінен бал шәрбатын

ағызып, намазға келгендерге тарту ету. Тіпті уақфияда балдың сапасы

да көрсетілген. Ол шақтың ең сапалы балы, қазіргі таңда «пазар» деп

аталады, Ризаның Атина ауданынан әкелінетін. Уақфияда бағасы қанша

болса да, тек осы балдың қолданылуы шарт ретінде қосылған. Бұл игілік

жасаудағы сапа мен асқан сезімталдықты көрсетеді.

Аталмыш ханшайым уақыфтарының жұмысын тоқтатпау үшін өте

көп қаржы көздерін қалдырған. Уақыфтарда істерді жүргізу үшін жүз он

алты қызметкер тағайындаған болатын.

***

Партавниял Уалида ханшайым Стамбулдың Ақсарайындағы «Уалида

мешіті» мен «Уа уадуд мешітін» салдырған еді. Сонымен қатар кітапхана,

су көзі, медресе салдырып, уақыф еткен.

***

Қануни Сүлеймен сұлтанның қызы Миһраман ханшайым

Едірнекапыда, Ускударда бірнеше «салатин мешіттерін» салдырды.

Сонымен қатар орасан зор ғимараттарды уақыф етті. Соған қарамастан

өте қарапайым, сыпайы жан еді. Төмендегі мына уақиға оны растай,

айғақтай түседі.

Мекке мен Арафаттың суы кезінде Харун Рашидтің жұбайы Зубайда

ханымның қаражатына, Арафат пен Тайыфтың арасында шыққан әрі

«Айнуз-зубайда» (яғни Зубайданың бұлағы) деп әйгілі болған бұлақтан

тартылғантұғын. Зубайда ханым бұлақтан шыққан суды Арафатқа

жеткізу үшін, су өтетін Хунайын сайындағы барша құрма бауын сатып

алуы керек болатын. Ол оны сатып алды. Бұл игі іске 1.700.000 мысқал

алтын жұмсалған еді.

63

Алайда,ҚануниСүлейменсұлтанныңзаманындабұлсуқұбырларының

63. Мустафа Л. Билге, ДИА, «Айнизубейде» Станбул 1991, IV, 279.