Previous Page  98 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 98 / 462 Next Page
Page Background

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

(

98

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

саясат және тақуалық тұрғысынан тарихымызда ерекше орны бар II

Абдулхамид хан еді. Оның Стамбулға тарттырып, қырық су көзіне

бөліп үздіксіз ағып тұратын «хамидия суы» қазіргі таңда біраз бөлігі

қирағанымен қызметін жалғастырып келеді.

***

Ұзын сөздің қысқасы, кәміл мүмин болу үшін рақымдылық,

мейірімділік,сүйіспеншіліксекілдіжағымдықасиеттеріміздікүшейтуіміз

қажет. Сонымен қатар бұл қасиеттерді күллі махлұқатқа көрсетіп, Хақ

Тағалаға құлшылық ретінде қабыл алуымыз ләзім. Рақымдылық пен

мейірімділік орнықпаған кез келген қызметтің берекесі болмайды.

Қоғамдық қызметтердің негізгі тіректері, осы қасиеттер болып

табылады.

Жер жүзіндегілерге мейірімділік танытсақ, көктегілердің бізге

мейірімділік танытуына қол жеткіземіз. Аллаһ Тағала жаратқан күллі

махлұқатқа рақымдылық танытсақ, оның рақымдылығына ілігеміз

ағайын! Өйткені біз, әрдайым оның мейіріміне мұқтажбыз!

ә) Инфақ

Мұсылманның

жеке

тұлғасының

кемелденуін,

қоғамдық

қызметтерінің жалғасуын қамтамасыз ететін факторлардың бірі Аллаһ

жолында, оның разылығына қол жеткізу мақсатында дүние-мүлік, жан

мен тән тағы да басқа мүмкіндіктерді қолдана отырып инфақ жасау.

Діннің негізгі мұраты аса сезімтал, әдепті, биязы жандарды әзірлеу,

сол арқылы қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман, қоғам тудыру

болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыруда рақымдылық пен

мейірімділіктің көрінісі ретінде зекет пен инфақтың орны айрықша.

Құран Кәрімде екі жүзден астам жерде инфақ сөзі, дүние-мүлік пен

жанның Аллаһтың жолына аталуы дегенге саяды. Яғни, Раббымыздың

бізге нәсіп еткен игіліктерін, нығметтерін, қайтадан оның жолына сарп

ету демек. Бұған сүйенсек мұсылман дегеніміз, һәм дүние-мүлкін һәм

жанын өз разылығымен Аллаһқа атаған жан деген мағына шығады.

Хақ Тағаланың көркем есімдерінің бірі «әл-Уәһһаб» болып табылады.

Яғни, қайтарымын күтпестен кез келген шақта, кез келген жерде, кез

келген нәрсені молынан беретін Жаратушы Аллаһ демек. Сол себепті

Аллаһ жаратқан барша махлұқатына «беру, инфақ ету, сыйға тарту»

тәрізді қасиетті берген.

Мысалы, ара өз мұқтаждығынан артық бал өндіреді. Аянбай тер төгіп,

ғажайып пішінде дайындайды. Өндірген балының болмашы бөлігін

өзіне, ал үлкен бөлігін адамдарға тарту етеді.