¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
(
102
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
тозақтан құтқарыңдар. Мұны да таппаған, ең болмаса жылы, тәтті
сөзбен өзін құтқарсын»
(Бұхари, Зекет 9, 10; Мүслим, Зекет 67, 97)
.
Хадис-шәріптен аңғарғанымыз садақа мен инфақ бар нәрсенің
артығын берумен басталады. Жарты құрма, тіпті жылы сөз Аллаһтың
разылығына қол жеткізуге себепші болатын инфаққа кіреді екен. Міне
осы инфақтар, құлдың ықыласы мен пейіліне қарай тозаққа қарсы
қалқан болады.
Рақымдылық, мейірімділікжәне осы екі қасиеттен туатынжомарттық
пен инфақтың әрбір мүминнің ажырамас серігіне айналуын қалаған
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) кез келген мүминді бай деп қабыл алады. Өйткені
ол, хадистерінде момындардың жақсылық жасауға үгіттеп, жамандықтан
тыю, тәкбір және таухид айту тәрізді іс-әрекеттерін садақа үкімінде
болатындығын тілге тиек етті. Сонымен қатар мазлұмға (зұлымдыққа
ұшыраған жан) жәрдем беру, мұңайғанды жұбату, мұқтаж жандардың
мұқтаждығын өтеу, жолда жатқан елге залалы тиетін нәрселерді алып
тастау, аурудың көңілін сұрап шығу, тіпті жылы шырай таныту аталмыш
үкімге кіреді.
Бір күні Аллаһ Елшісі (с.а.у.):
«Бір дирһам, жүз мың дирһамнан артық
болды»
, - деді.
Маңайындағы сахабалар: «Бұл қалай болды?» - деп сұрады.
Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Бір кісінің бар болғаны екі дирһамы бар
еді. Бұлардың ең жақсысын инфақ етті (яғни, дүние-мүлкінің жартысын
сарп етті). Ал басқа біреу (ол, бай болатын) дүние-мүлкінен жүз мың
дирһам шығарып, инфақ еткен еді», - деп жауап берді.
Хадис-шәріп, инфақтың көлемінің емес, инфақ еткеннің пейілінің
маңызды екендігін көрсетеді.
Демек, хақиқи байлық қолдағы байлық емес екен. Хақиқи байлық
көңіл байлығы. Міне нағыз мүминдер осы көңіл байлығына қол жеткізіп,
мүмкіндігіне қарай инфақ жасайды. Өйткені инфақ, әрбір мүминнің
халықшылдық, өзгешілдік қасиеттерінің бір көрінісі болып табылады.
Инфақ етуде мән берілуі тиіс әдеп қағидаларының кейбіреуі
мынадай.
1. Ықыласқа ерекше көңіл бөлу керек. Мақтан немесе дүниелік мақсат
үшін инфақ етуден аулақ болу
(Бақара сүресі, 264-аят)
.
2. Оң қолдың бергенін, сол қол сезбейтіндей пішінде сарп ету керек.
Міне осылай инфақ еткендердің, күнәлары кешіріледі. Олар қияметтің
қиын сәттерінде, Арштың көлеңкесін паналайтын бақытты жандар
болады
(Бақара сүресі, 271-аят; Бұхари, Азан 36)
.
3. Міндетсіну, ренжіту тәрізді қылықтармен садақаның құнынжоймау