(
101
¥ÛÇÌÅÒ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
өз тайын өсіргені секілді, иесінің орнына өсіреді»
(Бұхари, Зекет 8, Таухид 23;
Мүслим, Зекет 63, 64)
.
Инфақ, садақа, қызмет тәрізді ізгі істер сырт көзге өзге жанға пайдалы
болып көрінгенімен, ақиқатында кісінің өзіне тиер пайдасы одан көп.
Өйткені инфақ, кісінің ішкі жан дүниесіне жақсылық пен игіліктің орын
тебуін қамтамасыз етеді. Құран Кәрімде айтылған зекет пен инфақтың
һәм дүние-мүлікті һәм жүректі, ішкі жан дүниені тазартатындығы мұны
растай түседі.
66
Сонымен қатар инфақ, кісінің болмашы игілікке, азғантай мейірімге
мұқтаж болатын қиямет-қайымда керекті азық болып табылады.
67
Сол
себепті кез келген жан өлімнен кейін пайдасы тимейтін өкініштен өзін-
өзі қорғау үшін, қазірден бастап қажетті шаралардыалдын ала қабылдауы
қажет.
Бір дана кісі былай деген екен.
«Құл көз жұмғанда, дүние-мүлкінің себебінен екі қасіретке душар
болады. Ол, бұл екі қасірет тәрізді қасіретке бұрын тап болмаған
болатын.
Біріншісі, барша дүние-мүлкінен айрылып қалуы. Ал екіншісі,
барша дүние-мүліктен айрылып қалғандығына қарамастан, олардың
барлығынан есепке тартылуы».
Кез келген кісі өзіне пайдасы тимейтін дүние-мүліктен есепке
тартылуы нендей қиын. Аллаһ Елшісі (с.а.у.):
«Бала-шағасын байлыққа
бөгіп, ал өзі Хақ Тағаланың құзырына жамандық атаулының барлығын
жинап келген кісінің халі нендей аянышты»
, - дейді
(Суюти, әл-Жәмиғус-
сағир №9693)
.
Яғни, мирасқорларына үлкен мирас қалдырғанымен өзі дүние-мүлікті
адал жолмен таппағандығы үшін, тапқан малын игі істерде сарп етпеген-
дігі үшін, бала-шағасының да мирасты ізгі істерде жұмсамағандығы үшін
Аллаһтың құзырына күнәһар болып шығады.
Ал пайдалы дүние-мүлік дегеніміз инфақ және игі істерде жұмсалып,
сауабы ақыретке жіберілгендер. Аллаһ Елшісі (с.а.у.) бұл жайлы былай
дейді:
«Аллаһ Тағала, сендердің әрбіреуіңмен тілмашсыз сөйлеседі. Кісі оң
жағына қарайды, ақыретке жібергендерінен басқа еш нәрсені көрмейді.
Сол жағына қарайды, ақыретке жібергендерінен басқа еш нәрсені
көрмейді. Кейін қарсы алдына қарайды, тозақтан басқа еш нәрсені
көрмейді. Олай болса, бір құрманың жартысымен болса да өздеріңді
66. Тәубе сүресі, 103-аят
67. Бақара сүресі, 272-274 аяттар.