¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
(
108
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
деп инфақ етті. Жасырып берсе болмай ма? Немесе бөліп-бөліп берсе
болмай ма?» - десті.
Артынша Ансар Әбу Ақил (р.а.) орнынан тұрып: «Уа, Аллаһтың
Елшісі! Менің дүние-мүлкім жоқ. Бірақ кеше кешке пәленшелердің
жүгін тасыған едім. Олар ақыма екі «сағ»
71
құрма берді. Екі сағ
құрманың біреуін жанұяма қалдырдым. Ал екіншісін Аллаһқа жақын
болу үшін инфақ етуге әкелдім», - деді. Мұнафықтар оны да келек етіп:
«Түйесі барлар түйе әкелді. Күмісі барлар күміс әкелді. Ал мынау мына
құрмаларды әкеліпті. Аллаһ Әбу Ақилдің бір сағ құрмасына мұқтаж
емес», - десті.
Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Аллаһ сенің әкеліп бергеніңді
де үйіңе қалдырғаныңды да берекелі етсін», - деп құрманың жиналған
жәрдем ішіне төгілуін әмір етті. Бұл уақиғадан кейін төмендегі мына аят
түседі:
«Садақалар жайында мүминдердің арасынан өз еріктерімен
(садақа)
бергендерді, сондай-ақ шамасының жеткеніне қарай
(садақа)
бергендерді тәлкек еткендердің
(мұнафықтардың)
жазасын Аллаһ
береді. Сонымен оларға
(тозақта)
күйзелтуші азап бар»
(Тәубе сүресі, 79-
аят)
.
72
***
Әбу Зәр (р.а.) былай деп әңгімелейді:
БіркүніАллаһЕлшісімен(с.а.у.)біргебесіннамазыноқыдық.Мешітке
бір пақыр келді. Сол жерде отырғандардан садақа сұрады. Бірақ ешкім
садақа бермеді. Пақыр қолдарын аспанға көтеріп: «Уа, Аллаһым! Куә
бол. Аллаһ Елшісінің мешітінде садақа сұрадым. Алайда ешкім маған
садақа бермеді», - деді.
Хазірет Әли (р.а.) сол сәтте рукуғта еді. Пақырға оң қолының
шынашағындағы жүзіккке ишарат етті. Ол Әлидің қасына келіп, жүзікті
шығарып алды. Хазірет Әлидің (р.а.) ишаратын және пақырдың жүзікті
алғанын Пайғамбарымыз (с.а.у.) байқап қалған еді. Бұл уақиғаның
артынша төмендегі мына аят түседі:
«
(Уа, иман келтіргендер)
шынайымәндегі сендердің достарыңАллаһ
және Оның Елшісі, әрі иман келтіріп, намазды мүлтіксіз оқитындар,
(тіпті)
рукұғ халінде зекетті беретіндер
(болып табылады)
. Кімде-
кім Аллаһты және Оның Елшісін, әрі иман келтіргендерді дос тұтса,
71. Сағ: ауырлығы шамамен 3,328 кг салмақ өлшемі.
72. Алуси, Рухул Мағани, Бейрут Х, 146; ибн Кәсир, Тәпсір IV, 127; Табари Х, 251. Сонымен
қатар қараңыз Бұхари, Зекет 10; Мүслим, Зекет 72.