(
95
¥ÛÇÌÅÒ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
сербиялық болғанына қарамастан шын пейілді мүмин әрі мемлекет
қайраткері Сокуллы Мехмет пашаның уақыф құрудағы сезімталдығы
бұған мысал бола алады.
Шынымен-ақ ол, мешіт, медресе, су құбырлары тәрізді көптеген
қоғамдық ғимараттарды салып, уақыф еткен.
61
***
«Нақибул-ашраф»
62
Әсет мырзаның уақфиясынан алынған төмендегі
мына жолдар, бір мүминнің рухани деңгейінің тереңдігін көрсетуге
жеткілікті.
«Ел көзіне түсе бермейтін, нашар лашықтарда тұрып жатқан
жасы ұлғайған кісілердің және сырқаттанып қалғандықтан жұмыс
істеуге шамасы келмей қалған жандардың отын, көмір тағы да басқа
мұқтаждықтары өтелсін. Жетім және пақыр қыздар үйлену шағына
келгенде оларға тиісті дүние-мүлкі алынсын».
***
Осман империясы дәуірінде әйелдердің бір мың төр жүз уақыфтың
негізін қалауы елең еткізерлік жайт болып табылады. Олардың бірі
Нұр Бану Уалида ханшайым Стамбулдың Анадолы және Румелі
жағалауларында көптеген ғимараттар салдырған. Ол салдырған Үскідар
Топташтағы «атиқ Уалида мешітінің» қонақ үйі, медресесі, ауруханасы
және қос дәретханасымен ерекше көзге түсетін туынды.
Мемлекеттік жоғарғы қызметтер атқарған осы әйелдер, дүниеге
алданбай аса үлкен қарапайымдылық танытқан еді. Күллі байлықтарын
барша жанның игілігі үшін жұмсап, рақымдылық пен мейірімділіктің
үлгісі болды.
***
Осындай әйелдердің бірі Махпайкар Көсем Уалида ханшайым еді. Ол
«Ени мешіттің» (жаңа мешіттің) негізін салды. Үскідардағы «Шиниллі»
мешітінің жанына медресе, су көзі, дәрул-хадис, қос дәретхана және
«сәбил» салдырған еді. Оның жетім және пақыр қыздарды үйлендіру
үшін құрған уақыфы өте әйгілі. Бұлардан өзге де көптеген игіліктері
бар.
Көсем ханшайым тарихта, ханшайымдар арасында қаталдығымен
61. Сокулдық Мехмет Пашаның Румелидегі қайыр садақасымен салынған Станбулда екі
үлкен мешіт бар. Бұлардың бірі тегін ауыз су таратылатын Азапкапыдағы мешіт. Ал
екіншісі Сұлтан Ахмедтен Кумкапыға түсіп бара жатқанда төменгі жақта орналасқан
«Шеһид Мехмет Паша» мешіті мен медресесі.
62.Нақибул-ашраф:Пайғамбарымыздыңтегінентарағандарғақызметететінмемлекеттің
тағайындаған қызметкері.