(
83
¥ÛÇÌÅÒ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
жақсылық жасау жолдарын жеңілдетіп, әрі мұның қайтарымы ретінде
мол сауап беруді уәде етуі. Сондықтан кәміл мүминдер жәннатқа
кіргенге дейін жақсылық жасаудан жалықпайды.
Қоғамдық қызметтердің ең маңыздыларының бірі үйленгісі келетін,
алайда үйленуге алуан түрлі материалдықжағдайыболмағанмүминдерге
жәрдемші болу. Мұндай садақа-жария істеу мүмкіндігіне ие болған жан,
Хақ Тағаланың уәде еткен сауабына қол жеткізері хақ.
Аллаһ Тағала Құран Кәрімде былай дейді:
«Араларыңдағы бойдақтарды, құлдарың мен күңдеріңнің
жақсыларын үйлендіріңдер! Олар пақыр жандар болса, Аллаһ өз
игілігімен оларды байытады. Күмәнсіз Аллаһ кеңшілік иесі, әрі
(кез
келген нәрсені толық)
білуші»
(Нұр сүресі, 32-аят)
.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) бұл қоғамдық қызметтің маңыздылығын білдіру
үшін бір хадисінде былай дейді.
«Ең игі істердің бірі, үйленгісі келген екі жанға жеңгетай болу,
жәрдемші болу»
(Ибн Мәжә, Неке 49)
.
Мұхиддин ибнАрабижастардыүйленуге үгіттейді. Әсіресе үйленейін
деп жүргендерге жәрдем етудің игілігін, артықшылығын былай деп тілге
тиек етеді.
«Ең үлкен садақа-жария, үйленуге себепші болу. Өйткені олардың
нәсілінен туған жандардың жасаған әрбір ізгілігінен, игілігінен, себепші
болған кісі сауап алады».
Әрине, барша қызмет түрі секілді бұл қызмет шын пейілділікпен,
ықыласпен іске асуы тиіс. Яғни, тек Аллаһ разылығы үшін істелуі қажет.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) осындай деңгейге жеткен мүминдерді:
«Кімде-
кім Аллаһ Тағала (разылығы) үшін берсе, Аллаһ Тағала (разылығы) үшін
бермесе, Аллаһ Тағала (разылығы) үшін (біреуді) сүйсе, Аллаһ Тағала
(разылығы) үшін (біреуді) сүймесе және Аллаһ Тағала (разылығы) үшін
бойдақтарды үйлендірсе иманын кемелдендіреді»
, - деп сүйіншілейді
(Ахмед III, 438)
.
Міне, қоғамдық қызметтерді ықыласпен атқарғандар осындай
орасан зор сауаптарға қол жеткізеді екен ағайын! Мұны жадымыздан
шығармайық.
Тасаууф тәрбиесінде қоғаммен араласып жұмыс істеудің аса үлкен
маңызы бар. Атап айтсақ «Нақшбәнди» тариқатында рухани тәрбие
құралы болып табылатын, қоғамдық тәрбие әдістерінің бірі «сұхбат»
соның бір көрінісі. Сонымен қатар тыныш жерде оңаша отырудың
орнына, елмен араласып жүрек тұрғысынан Хақ Тағаламен бірге болу
артық деп есептеледі. Яғни, тіпті халық ішінде Аллаһ Тағаламен бірге
болуды сақтай білу, ең маңызды фактор болып табылады. Басқаша