(
79
¥ÛÇÌÅÒ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
өте үлкен еді. Қаржы уәзірі бұл соманы көргенде, аң-таң болып үндемей
қалды. Уәзірінің кейпін байқап қалған парасатты сұлтан: «Паша!
Бюджет мәселесінде ең көп пікірін білдіретін қаржы уәзірі емес пе?
Неге үндемей қалдыңыз?» - деп сұрады. Уәзір ойын білдіргісі келмей:
«Тыңдап отырмын, сұлтаным», - деп жауап берді.
Сұлтан Фатих: «Шамасы медреселер үшін бөлген қаржы сомамды
көп деп ойлап отырсыз-ау деймін», - деп оның ойын сезгендігін білдірді.
Уәзір: «Иә, сұлтаным. Мемлекеттің мыңдаған мәселесі бола тұра,
бұлардың тек бірі болып табылатын білімге мол қаржы бөлдіңіз», - деп
пікірін айтып салды.
Мұны естіген сұлтан һәм уәзірін ренжіткісі келмей һәм мәселені шешу-
ді жанықалап, онықанағаттандырайын дегенниетпен: «Паша! Кез келген
саланың қадірі кетеді. Әсіресе білімнің қадірі көбінесе түсіп отырады.
Өйткені Хазірет Пайғамбар (с.а.у.): «Ғалымдар, пайғамбарлардың
мирасқорлары»,
50
- деп айтқан. Ал Пайғамбардың уәкілі бола білу, оңай
шаруа емес.Міне сондықтан білімнің қадірі көбінесе өзгесінен артығырақ
жоғалып отырады. Өзге салаларды былай деп ойлаймын. Кір суға қара
қорғасын түстес яки қоңыр түсті матаны салсам, оны кепкенде сәлде
ретінде орай аламын. Бірақ ақ орамалда сондай бола ма? Жоқ! Оны кір
суға салу түгілі, үстіне шыбын қонса көрініп тұрады. Білім де осындай»,
- деді. Кейін уәзірден: «Паша! Қолдағы барша мүмкіндікті қолданып,
қамтамасыз ететін жүз шәкіртіміздің қаншасы жақсы бітіріп шығады?
Араларынан үш-төрт адам шыға ма?» - деп сұрады.
Қаржы уәзірі: «Иә, сұлтаным! Үш-төртеу шығады. Алайда олардан не
шығады дейсіз», - деп жауап берді.
Сұлтан биязы жымиып: «Паша! Қараңғы халықты тәрбиелеп
шығаратын сол үш-төрт кісі емес пе?» - деді.
Уәзір басын төмен салып: «Иә, сұлтаным. Сіздікі дұрыс», - деп
ақиқатты мойындады. Мәселені ақылдылығы және парасаттылығы
арқылы оңай шешкен сұлтанның көңілі тыншыды. Уәзіріне қарап:
«Паша! Медреселеріміздің әрбір жүз шәкіртінен үш-төрт кісі шығып,
халықты тәрбиелеп жатыр екен. Олай болса, солардың құрметі үшін өзге
шәкірттерді бағып-қағуға разы болуымыз қажет», - деді.
***
Явуз СұлтанСәлім әскерімен бірге Адананың тұсына жеткенде қалың
нөсерге тап болды.Жер ми-батпаққа айналды. СұлтанСәлім сол дәуірдің
ең әйгілі ғалымы Камал Пашазадамен бірге ат үстінде қатарласып,
сөйлесіп келе жатыр еді. Кенет күтпеген жерден Камал Пашазаданың
50. Әбу Дәуіт, Ғылым 1.