¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
(
74
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Аллаһ Тағала Мұсаның (а.с.) білім алуға деген құштарлығын, сол
жолда көрген қиыншылықтарын, үлгі алуымыз үшін бізге мысал ретінде
көрсетеді:
«Сол шақта Мұса қызметшісіне
(қарап)
: «Екі теңіздің қосылған
жеріне
(жеткенше)
тоқтамаймын! Яки жылдар бойы
(сапарымды)
жалғастырамын», - деді»
(Кәһф сүресі, 60-аят)
.
Хазірет Мұса (а.с.) Қыдырмен (а.с.) кездескенде, мұғалімнің алдында
отырған шәкірттің кейпіне кіріп, былай дейді:
«
(Аллаһтың)
саған үйреткен рушты
(білім және хикметті)
сенен
үйрену үшін соңыңнан еруге бола ма?»
(Кәһф сүресі, 66-аят)
.
Әуелі сәлем бергеннен кейін, оның соңынан еру үшін рұқсат сұрады.
Рұқсат берсе, жанына еріп жүретіндігін тілге тиек етті. Содан кейін
ғана «Аллаһтың саған үйреткен «рушдты» (білім және хикметті) маған
да үйретуің үшін» сөзін қолданды. Қыдырдың (а.с.) қасына сынау
немесе мінеу үшін емес, білімін арттыруға келген қарапайым шәкірттің
бейнесімен келді. Мұса (а.с.) Аллаһтың өзі тілдескен пайғамбары бола
тұра, ғалым кісіден үш мәселені үйрену үшін талай жер бірге жүрді.
Аштыққа, сусыздыққа төтеп берді.
44
***
Нақыл етілген дерекке сүйенсек Ілияс пайғамбар (а.с.) ажал
періштесін көргенде қатты қорыққан еді. Әзірейіл (а.с.) оның себебін
білмекші болып: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Өлімнен қорықтың ба?» - деп
сұрайды.
Ілияс (ғ.с.): «Жоқ. Өлімнен қорыққандығымнан емес, дүниеге қош
айтысатындықтан осы күйге түстім», - дейді. Кейін сөзін: «Дүниеде
Раббыма құлшылық етуге, жақсылық жасауды әмір етуге, жамандықтан
тыюға тер төгетінмін. Күллі уақытымды құлшылық және игі істермен
өткізетінмін. Көркем ахлақты болуға күш салатынмын. Бұл хал менің
ішкі дүниемді жай таптырып, көңілімді қуанышқа бөлеп, рухани
тұрғыдан ләззатқа батырып шат-шадыман ететін. Көз жұмсам бұл
ләззаттан мақұрым қаламын. Қиямет қайымға дейін қабірде қамалып
қалып қоямын деп мұңға батамын», - деп жалғастырады.
Сондықтан ажал келместен бұрын, қолдағы мүмкіндікті пайдаланып,
барша күш-қуатымызды құлшылық етуге, білім, Құран Кәрім қызметіне
жұмсауымыз қажет. Мол игі істер істеп, Аллаһтың разылығына қол
жеткізелік ағайын.
***
44. Ибни Қайюм, Мифтаху Дарис Сағада, Рияд І, 55-56.