¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
(
72
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Сахабалар Аллаһ Елшісінен:
– Уа, Аллаһтың Елшісі! Амалдардың ең сауабы мол қайсысы? - деп
сұраған еді. Ол:
– Аллаһты тану, - деп жауап берді. Олар:
– Қандай амал мәртебені арттырады? - деп сауал қойды.
Пайғамбарымыз (с.а.у.):
– Аллаһты тану, - деп жауап берді. Олар:
– Уа, Аллаһтың Елшісі! Біз амал жайлы сұрастырып жатырмыз. Сіз
білім жайлы айтып отырсыз, - деді. Аллаһ Елшісі (с.а.у.):
– Аллаһты танып, жасалған аз амалдың өзі пайда береді. Алайда
сауатсыздықпен жасалған көп амал пайда бермейді, - деді.
42
Білім және Құран Кәрім қызметтері дегеніміз Аллаһты тану, ізгі
істер істеу және Аллаһтың разылығына қол жеткізіп, рухани тұрғыдан
кемелдену.
***
Пайғамбарымыз (с.а.у.) әрдайым білім және Құран Кәрім қызметіне
қолдау көрсетуді үндеп келген. Құран Кәрімді жақсы білетіндерге
әрқашан сый-құрмет көрсетуші еді. Оларды өзгелерден артық көретін.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) Тәбук жорығына аттанғанда Нажжар руының
туын Умара ибн Хазымға берді. Кейін Зәйд ибн Сәбитті көріп қалып
туды Умарадан алып, соған берді. Умара (р.а.): «Уа, Аллаһтың Елшісі!
Сіз маған ренжідіңіз бе?» - деп сұрады.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.):
«Жоқ. Уаллаһи ренжіген жоқпын. Бірақ сендер
де Құран Кәрімді артық көріңдер. Зәйд Құран Кәрімді сенен көбірек
жаттаған еді. Мұрны кесіліп қалған қара түсті құл болса да, Құран
Кәрімді көбірек жаттаған жан өзгеден артық бағалануы тиіс»
, - деді.
Әус, Хазраж руларына да туды Құран Кәрімді көбірек жаттағандар
ұстап жүрсін деп әмір етті. Осылайша Ауф руының туын Әбу Зәйд (р.а.),
ал Сәлима руының туын Муғаз (р.а.) ұстап жүрді.
43
***
Пайғамбарымыз (с.а.у.) Йеменге бір делагация жібермекші болды.
Делагация басшысы етіп, олардың арасынан ең жасын тағайындады.
Керуен бірнеше күн жолға шықпай, күтіп қалды. Аллаһ Елшісі (с.а.у.)
делагация мүшелерінің бірімен кездесіп: «Әй, пәленше! Саған не болған?
Әлі Йеменге кетпедің бе?» - деп сұрады.
42. Мүнауи, Фәзул Қадир, Бейрут 1994, IV, 688.
43. Уақиди, Мағази, Бейрут, 1989, III, 1003.