Previous Page  67 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 67 / 462 Next Page
Page Background

(

67

¥ÛÇÌÅÒ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

– Тек сол хадисті есту үшін келдің ғой. Солай ма? Мен Аллаһ

Елшісінің (с.а.у.) былай деп айтқанын естіген едім.

«Кімде-кім білім үйрену үшін сапар шексе, Аллаһ Тағала оған жәннат

жолын жеңілдетеді. Періштелер білім үйреніп жүргендерді жақсы

көретіндіктен қанаттарын олардың жолына жаяды. Жеті қат көк

пен жердегі барша махлұқат, тіпті судағы балықтар ғалымдардың

күнәларының кешірілуі үшін Аллаһқа жалбарынады. Бір ғалымның тек

құлшылықпен айналысып жүрген жаннан артықшылығы, он төртінші

түндегі айдың өзге жұлдыздардан артықшылығы іспетті. Ғалымдар,

пайғамбарлардың мирасқорлары. Пайғамбарлар алтын, күмісті емес, тек

білімді мирас етіп қалдырған. Міне осы білім мирасынан пай ала білген

кісі, орасан зор нәсіпке қол жеткізеді»

(Тирмизи, Білім 19/2682; Әбу Дәуіт, Білім

1/3641)

.

Адамзаттың

ардақтысы

Пайғамбарымыз

(с.а.у.)

білімнің

артықшылығына төмендегі мына хадис-шәріпте тоқталып өтеді.

«Тек мына екі кісіге ғыбта етуге (қызғанышпен қызығуға) болады.

(Олар):

-Аллаһ нәсіп еткен дүние-мүлікті, Аллаһ жолында жұмсаған жан;

-Аллаһ нәсіп еткен біліммен (орынды) үкім ететін, әрі оны (білімді)

өзгелерге үйреткен жан»

(Бұхари, Білім 15, Зекет 5, Ахкам 3, Иғтисам 13, Таухид 45;

Муслим, Мусафирун 268)

.

Білім алу жиһадтың бір түрі. Өйткені жиһадтың мақсаты, топырақты

қанмен суғару емес, адамзат баласына Исламды жеткізу. Тек жер жаулап

алу үшін жасалған соғыстар адамзат баласының ең сорақы әрекеті, ол

зұлымдық болып табылады.

35

Сондықтан білім, ислам дінінде жиһадтың

құралы. Бұл жайлы көптеген хадис-шәріптерде айтылған. Солардың

кейбіреуіне тоқталып өтейік.

«Білім алу үшін сапарға шыққан жан, үйіне қайтып оралғанша Аллаһ

жолында (жиһадта) болады»

(Тирмизи, Білім 2/2647)

.

«Кімде-кім Аллаһтың дінін қайта тірілтіп жандандыру үшін білім

алып жүргенінде көз жұмса, онымен пайғамбарлардың арасында тек бір

дәреже айырмашылығы болады»

(Дарими, Муқаддима 32)

.

Білім және Құран Кәрім қызметерінде ықылас пен шын пейілділіктің

алар орны ерекше. Аллаһ Тағаланың разылығы болмаған және іс жүзінде

шынайылықпен жүзеге аспаған Құран Кәрім мен білім қызметтері кез

келген адамға пайдасын тигізбейді.

35. Осы тақырыпта егжей-тегжейлі дерек үшін қараңыз: Осман Нұри Топбаш, Хазіреті

Мұхаммед Мұстафа ІІ, 81-85.