¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
(
66
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Ислам діні надандықтың, сауатсыздықтың барша түріне қарсы
шығады. Сын тезіне алады. Өйткені надандықпен сауатсыздықтың түпсіз
тереңінде күпірлік пен Аллаһ Тағалаға қарсы шығудың ұшқындары
жатыр.
Хазірет Осман (р.а.): «Надандық, үстіне мінген кісіні қор ететін, ал
жанында жүрген кісіні адастыратын көлік іспетті», - дейді.
Қазіргі таңдағы барша ғылым Аллаһ Тағаланың ғаламға орнатқан
қағидаларын табу мен іздестіруден құралады. Мұны жадымыздан
шығармайық. Сондықтан хақиқи білімді жан болу үшін, сол қағидалар
арқылы хикмет пен даналыққа бет алу керек. Тіпті хикмет пен даналыққа
байланып қалмай, олардың шығып жатқан жеріне жөнелу қажет. Хазірет
Мәулана заһири ғылымдардың дариясында жүзіп жүрген шағын
«шикі
едім»
,хикметпенданалыққақолжеткізгеншағын
«пістім»
,ғаламкітабын
оқу арқылы жеткен мағрипат сатысын
«жандым»
деп жеткізеді.
Олай болса, адамзат баласына ең пайдалы білім, барша нәрсені білетін
Аллаһ Тағаланың күллі ақиқаттарды сүзіп, ішіне салған Құран Кәрімді
үйрену, тану болып табылады. Міне осы білім, кісіні Аллаһты тануға
жетелейді. Білімнен талап етілген нәрсе де осы ағайын!
Хақ Тағала Құран Кәрімде бізге осындай сипаттағы білімді алуға
үндейді.
«
(Уа, Мұхаммед!)
Білімімді арттыр, деп тіле!»
(Таһа сүресі, 114-аят)
.
«Аллаһ, араларыңдағы иман келтіргендер мен білім берілгендердің
дәрежесін көтереді»
(Мүжәдәлә сүресі, 11-аят)
.
«Шын мәнінде Аллаһтан, құлдарының арасында
(лайық дәрежеде)
тек ғалымдар қорқады»
(Фатыр сүресі, 28-аят)
.
«Міне біз осындай мысалдарды адамдарға келтіреміз! Бірақ ол
мысалдарды тек ғалымдар түсінеді»
(Анкабут сүресі, 43-аят)
.
Қайыс ибн Кәсир былай деп әңгімелейді.
«Дамаскта тұрып жатқан Әбуд-Дардаға (р.а.) Мәдинадан бір кісі
келді. Әбуд-Дарда (р.а.): «Уа, бауырым! Сені бұл жерге не әкелді?» - деп
сұрады.
Мәдинадан келген кісі: «Бір хадис-шәріп. Сенің сол хадисті риуаят
еткеніңді естідім. (Өзіңнің аузыңнан естігелі келдім)», - деп жауап
берді.
– Басқа қажеттілік үшін келмедің бе?
– Жоқ.
– Сауда-саттыққа келген шығарсың?
– Жоқ.