Previous Page  71 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 71 / 462 Next Page
Page Background

(

71

¥ÛÇÌÅÒ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

БіркүніАллаһЕлшісі (с.а.у.)мешіткекіргендешеңбертүріндеотырған

екі топты көреді. Екі топтың бірі Құран Кәрім оқып, Аллаһ Тағалаға дұға

етіп жатты. Ал екіншісі білім үйренумен және үйретумен айналасып

отырған еді. Пайғамбарымыз (с.а.у.):

«Мына отырғандардың барлығы

жақсы іспен айналысыпжатыр. МыналарҚұранКәрім оқып, Аллаһқа дұға

етіп жатыр. Хақ Тағала қаласа тілегендерін береді. Қаламаса бермейді.

Ал мыналар һәм білім үйреніп һәм білім үйретіп жатыр екен. Ақиқатына

жүгінсек мен де мұғалім ретінде жіберілдім»

, - деп біліммен айналысып

жатқандардың қасына отырды

(Ибн Мәжә, Муқаддима 17)

.

БілімменайналысыпотырғандарҚұранКәрімжәнехадисғылымдарын

үйреніпжатқан болатын. ҚұранКәрім оқу ізгі іс. Бірақ бастынәрсе Құран

Кәрім ғылымдарымен шұғылданып үкім мен хикметтерді үйреніп, амал

ету еңбастысы болып табылады.

***

Білім және Құран Кәрім мәжілістерінің артықшылығын көрсететін

төмендегі мына уақиға нендей ғибратты.

Әбу Уақид әл-Ләйси (р.а.) былай деп әңгімелейді:

«Бір күні мешітте Пайғамбарымыздың (с.а.у.) қасында отырған едік.

Кенет есіктің алдында үш кісі көлбеңдеді. Екеуі ішке кіріп, біреуі кетіп

қалды. Әлгі екеуі Пайғамбарымыздың тұсына келді. Біреуі шеңбер

түрінде отырған мәжілістің бос тұрған жеріне келіп отырды. Ал екіншісі

орын қалмағандықтан, әрі ешкімнің мазасын алмайын деген оймен

мәжілістің соңына барып отырды. Аллаһ Елшісі (с.а.у.) сұхбат үстінде:

«Мына үш кісінің кебін айтайын ба? Мәжілістің бос тұрған жеріне келіп

отырған кісі Аллаһ Тағаланың химаясына (қорғауына) сыйынды. Аллаһ

Тағала оны өз қорғауына алды. Екінші кісі, Аллаһтан ұялып, әдептілік

танытты. Аллаһ Тағала да одан ұялып, оны азабынан аман алып қалды.

Ал ішке кірмеген үшінші кісі бұл мәжілістен бас тартып, сырт айналды.

Аллаһ Тағала да одан сырт айналды»

, - деді

(Бұхари, Білім 8)

.

***

Білім және Құран Кәрім қызметтерінде ең басты назар аударылатын

мәселенің бірі, білгенін, үйренгенін өз өмірінде іс-әрекетімен өрнектей

білу болып табылары сөзсіз. Мына төмендегі рияуаят осыны көрсетеді.

Әбу Абдуррахман әс-Сулами былай деп әңгімелейді.

Аллаһ Елшісінің сахабаларының бірі бізге Құран Кәрім оқуды тәлім

ететін. Бізге қарап: «Біз, Пайғамбарымыздан он аят үйренуші едік.

Оларды жақсылап түйсінбей, амал етпей басқа он аятқа өтпейтінбіз.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) бізге һәм білімді һәм амал етуді бірге үйрететін», -

деді

(Ахмед V, 410; Хайсами I, 165)

.

***