(
69
¥ÛÇÌÅÒ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
(с.а.у.) Құран Кәрімнің артықшылығын, қадірін, ерекшелігін былай деп
тілге тиек етеді.
«Құран Кәрім, адамзат баласын дүниеге келетін барша бүліктен
құтқарып қалады. Оның ішінде сендерден бұрын өмір сүргендердің
хабарлары, сендерден кейінгілердің халі, адамдар арасында туатын
уақиғалардың үкімдері бар. Ол ақиқат пен батылды (жалғандықты)
айырады. Бос сөз емес. Оған мойынсұнбаған азғынды Хақ Тағала жоқ
етеді. Одан (Құраннан) өзге нәрседен һидаятты, тура жолды іздегенді
Аллаһ Тағала адастырып жібереді. Ол Хақ Тағаланың үзілмес жібі, зікір-
хакимі және тура жолы. Оны ұстанған жандар ешқашан адаспайды. Оны
сөйлеген ешқашан жаңылмайды. Ғалымдар оған тоймайды. Қайталап оқи
бергенннен өзінің құндылығын, қадірлігін жоймайды. Жындар оған құлақ
асқанда:
«Шынымен-ақ біз, ғажайып Құран тыңдадық»
36
деп айтқан
болатын. Құран Кәрімге сүйеніп сөз сөйлегендер шындықты, туралықты
айтады. Онымен үкім еткендердің әрдайым үкімі әділ болады. Оның
(үкімдерін) іске асырғандар сауапқа қол жеткізеді. (Елді) Оған
шақырғандар міндетті түрде тура жолды табады»
(Тирмизи, Фадайлул-
Құран 14/2906; Дарими, Фадайлул-Құран 1)
.
Ал әйгілі ғалым Хасан Басри: «Аллаһ Тағала төрт жүз кітап жіберді.
Осылардың баршасының ғылымдарын мына төрт кітаптың ішіне
сыйғызды. Олар: «Тәурат, Інжіл, Зәбур және Құран Кәрім. Кейін
үшеуіндегі күллі ғылымды Құран Кәрімге салды», - дейді.
37
Пәк жүректі Мұхаммедке (с.а.у.) түсіріліп, әрі соның өмірінде жүзеге
асып тәпсір етілген Құран Кәрімге қызмет ету, Пайғамбар ахлағына
еліктеудің маңызды көріністерінің бірі болып табылады.
«Сендердің араларыңдағы ең қайырлы, игі жан, Құранды үйреніп
һәм үйреткендер»,
38
- деп айтқан Аллаһ Елшісі (с.а.у.) бізге, яғни
үмбетіне Құран Кәрімге қызмет ету тұрғысынан теңдесі жоқ үлгі болған.
Сондықтан Құран Кәрімді оқу әрі оқыту кез келген мұсылманның басты
міндеті. Басқаша айтсақ, Құран Кәрімге деген махаббат және қызмет
имандылықтың белгісі.
Білімжәне Құран Кәрім қызметтерінде іс атқарып жүрген жандардың
әуелі жүректері Аллаһ Тағалаға деген махаббатқа толы болуы керек.
Жүректердің түкпіріне орын тепкен махаббат, сүйіспеншілік шәкірттер
мен жамағаттың сезімдерін қозғап, ойға шомдыруы қажет.
Аллаһ Елшісінен (с.а.у.): «Құран оқу үшін қандай дауыс және қырағат
керек?» - деп сұралған еді.
36. Жын сүресі, 1-аят
37. Бәйхақи, Шуғабул-Иман, 1990, ІІ, 450.
38. Бұхари, Фәдайлул-Құран 21.