¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
(
64
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
АллаһЕлшісі (с.а.у.) олшақтардытөмендегі мына хадис-шәріптерімен
суреттейді.
«Адамдар игілік жасауға шақыруды, жамандықтан тыюды
тоқтататын күн туады»
(Хайсами VII, 280)
.
«Сендер жақсылық жасауға үндемейтін, жамандықты тыймайтын
кісілерді ең қайырлы кісі деп есептейтін күн келіп жетеді».
33
Бір күні Аллаһ Елшісі (с.а.у.) маңайындағыларға қарап: «Жастарың
пасықтыққа, әйелдерің азғындыққа бой алдырған шақта халдерің қандай
болмақ?» - деді.
Маңайында отырғандар таңқалып: «Уа, АллаһтыңЕлшісі!Шынымен-
ақ осындай халге тап боламыз ба?» - десті.
Аллаһ Елшісі: «Иә, одан бетерін көресіңдер», - деді. Артынша:
«Жақсылық жасауға үндеуді, жамандықтан тыюды тоқтатқан
шақтарыңда халдерің қандай болмақ?» - деді.
Маңайындағы сахабалар: «Осы айтқаның іске аса ма?» - десті.
Аллаһ Елшісі: «Иә, одан бетері болады»,-деді. Артынша: «Жамандық
жасауды әмір етіп, жақсылық жасауға тыйым салған шақтарыңда
халдерің қандай болмақ?» - деді.
Маңайындағылар таңданыстарын жасыра алмай: «Уа, Аллаһтың
Елшісі! Осы айтқаның міндетті түрде бола ма?» - десті.
Аллаһ Елшісі: «Иә, одан бетері болады», - деді. Кейін: «Жақсылықты
жамандық, ал жамандықты жақсылық деп қабыл ететін шақтарыңда
халдерің қандай болмақ?» - деді.
Сахабалар: «Уа, Аллаһтың Елші і! Осы айтқаның жүзеге аса ма?» -
деп сұрады.
Аллаһ Елшісі: «Иә, жүзеге асады», - деп жауап берді
(Хайсами VII, 281)
.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) сахабаларына қарап: «Мүминнің жүрегі суда
еріген тұз секілді еритін күн келіп жетеді», - деді.
Сахабалар: «Неге ериді», - деп сұрады.
Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Жамандықтарды көзі көріп, оларды
өзгертуге шамасы келмегендіктен ериді», - деп жауап берді
(Әли әл-
Муттақи III, 686/8463)
.
Жоғарыдағы хадис-шәріптерде айтылған нәрселердің қазіргі
таңда жүзеге асып жатқандығын байқап жүрміз бе? Олай болса Аллаһ
Тағаланың ескертулеріне құлақ асып, әрекет етейік. Әйтпесе қиямет-
33. Али әл Муттақи әл-Һинди, Кәнзул Уммал, Бейрут 1985, ІІІ, 686/8462.