¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
(
62
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Күнә мен жамандық атаулыға тосқауыл болу үшін аянбай тер
төккендігімен, жақсы нәтижеге қол жеткізе алмағандарды Хақ Тағала
есепке тартпайды. Бірақ залым мен ғапылдарға жақындық көрсеткені,
көршіболғандығыүшінбұлдүниедеолардыңбасынакелгенпәлекеттердің
дәмін тартуы мүмкін. Мұндай жандар, ақыретте сауап алғандарымен
дүниеде машақаттарға тап болады. Алайда бұлмашақаттар, залымдардың
азабын арттыра түседі.
Зейнеп бинти Жахыш (р.а.) былай деп әңгімелейді:
«Бір күні Аллаһ Елшісі (с.а.у.) тітіреген күйде қасыма келіп:
«Аллаһтан өзге тәңір жоқ. Келуі жақындап қалған жамандықтан
арабтың жағдайына қарашы! Бүгін Яжуж бен Мәжуждің қорғанынан
мынандай орын ашылды деп бас бармағы мен сұқ саусағын бірлестіріп
шеңбер жасады. Мен: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Араларымызда ізгілер
болса да апатқа ұшыраймыз ба?» деп сұрағанымда Расулұллаһ (с.а.у.):
«Жамандықтар мен күнәлар көбейетін болса әрине солай болады»
деді
(Бұхари, Фитән 4, 28, Әнбия 7, Мәнақиб 25; Мүслим, Фитән 1)
.
Демек, қоғамдағы ізгі жандар қара ниетті кісілерге тосқауыл бола
алмаса, тыйым салмаса жеткілікті деңгейде күш салмағандықтарының
сазайын тартары даусыз. Бұл ақиқатты Аллаһ Елшісі (с.а.у.) хадис-
шәріптерінде былай деп суреттейді.
«Адамдар жамандықтарды көре тұра, оны өзгертуге күш салмаса көп
уақыт өтпей-ақ Аллаһ Тағала оларға жалпылай пәлекет жібереді»
(Ибн
Мәжә, Фитан 20)
.
«Жанымды қолында ұстап тұрған Аллаһқа ант етейін, не игілік
жасауға шақырып, жамандықтан тыйасыңдар. Болмаса Аллаһ Тағала
көп уақыт өтпестен сендерге азап жібереді. Артынша Хақ Тағалаға
жалбарынып, дұға етесіңдер. Бірақ дұғаларың қабыл етілмейді»
(Тирмизи,
Фитан 9/2169)
.
Адамзат тарихы имандылық пен ахлақ жолынан адасып азғындаған
қауымдардың басына түскен азаптың алуан түрлеріне куә болып келген.
Нұх, Ад және Самуд қауымдарының тәкаппар халқы, өзінің тәңір
екендігін жариялауға дейін жетіп, Қызыл теңіздің тереңіне тұншығып
өлген перғауын, бір шыбыннан жеңілген Намрұт, өмірлік ұстанымдары
хайуаннан бетер Лұт қауымы, тағы да басқа ұяттан жұрдай әдепсіз
жандар, көптеген залымдар күнәлары мен Хақ Тағаланың әмірлеріне
қарсы келгендіктері үшін жер құшты. Жер бетінен жойылып кетті.
Аллаһ Тағала былай дейді:
«Оларға өздерінен бұрын
(ғұмыр кешкен)
Нұх, Ад, Самуд,
Ибраһим пайғамбарлардың қауымының, Мәдиян елінің, ойраны
шыққан кенттердің хабары жетпеді ме? Пайғамбарлары оларға
көптеген мұғжиза көрсеткен болатын. Аллаһ Тағала оларға зұлымдық