(
57
¥ÛÇÌÅÒ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Олар қалың көпшілік жүретін жерлерді, тіпті шалғай жерлерді аралап
шықты. Баршамен танысып, сұхбат құрды. Халықтың бойынан тек игілік
пен көркем ахлақ көрді.
Олар бір базарға соққан еді. Дәл сол сәтте азанның дауысы естілді.
Дүкеншілер дүкендерін құлыптамай мешітке бет алып жатқан еді.
Ешкім өзгені күңдеп, қызғаныштық танытпайтын. Барлығы бір-бірінің
қорғауында жүрген тәрізді болатын. Намаздарын соңғы оқып жатқан
намаздары секілді шын пейілмен оқыды.
Ешкім өзге біреудің құқығына қол сұқпай, бір-бірінің көңілін
қалдырмайтын. Ешкім мойнына біреудің құл ақысын жүктеп, Хақ
Тағаланың құзырына шығуды қаламайтын. Кез келген жан тек Аллаһтың
разылығын ойлап жүрген еді. Аллаһ разылығы үшін сөйлесіп, Аллаһ
разылығы үшін өмір сүретін. Барлығы сұлтанның ұзақ өмір сүріп,
әскерінің жеңісі үшін талмай дұға ететін. Қоғамда ішкі жан сарайы
мейірімділікке толы, көңілі бай жандардың саны көп болатын.
Епископтар бұл ғажайып халдерді көріп, таң қалды. Қаншама қаланы
аралап шықса да сот кеңселерінен жазасы ауыр бір қылмыс таба алмай
шықты. Ұрлық, адам өлтіру, біреудің намысын аяққа таптау, алдау тағы
да басқа қылмыстар атауымен жоқ болатын. Бір сот мекемесінде болып
жатқан дау олардың назарын аударды. Қайран қалды.
Қазыға екі кісі келіп жүгінді. Дау иесі өзін нұсқап: «Мырзам,
алдыңызда тұрған пенде мен, мына дін бауырымның егін егетін жерін
сатып алған едім. Егін егу үшін соқамен жерді жыртып жатқанымда
жерден алтын толы құмыра тауып алдым. Құмыраны мына жерді сатып
алған кісіме апарып: «Ал, мынау енікі дедім. Ол: «Мен бұл жерді
сатқанда саған асты-үстін түгел қосып сатқанмын. Бұл алтын маған адал
дүние болмайды»,-деп құмыраны қабыл етпеді. Ақиқатына жүгінсек,
егер жердің астынан бұл құмыраның шығатынын білгенде сатпас еді»,
- деді.
Қазы екінші кісіге сөз берді. Ол: «Дау дәл бауырымның айтқаны
секілді. Бірақ мен жерді сатқан кезде асты-үсті түгел кіреді деп
ойлағанмын. Жердің үстіндегі ешбір нәрсені алуға құқығым болмағыны
сияқты, астындағыны да алуға құқығым жоқ емес пе?» - деді.
Епископтардың аң-таң болып көрген уақиғалары, қазы үшін
күнделікті іс болатын. Қазы екі шын пейілді мұсылманның арасында
үкім шығаруға еш қиналмады. Біреуінің ізгі ұлы, екіншісінің салиқалы
бойжеткен қызының бар екендіктерін естіген сәтте, екеуінің арасына
елші болды. Екі жақтың разылығымен екі жастың некесін қиды. Бір
құмыра алтынды жастардың той, жиһаз, әсемдік бұйымдары сияқты
тағыда басқа істеріне жұмсауға үкім етті. Бұл жерде ақиқи ислам ахлағы,
әділеті іске асып жатқан болатын.