(
53
¥ÛÇÌÅÒ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
айта алмасамда мен іштей Баязиттің иманына сенемін. Өйткені, оның
иманында айрықша әсемдік және тереңдік бар. Мен әзірге дінге, иманға
толықтай берілген жан емеспін: Алайда оның иманындағы ұлылыққа
қайранмын. Ол барша жаннан бөлек. Сыпайы, сүйкімді, қарапайым,
нұрлы, өте ұлы, өзгеге үлгі болар кісі. Ал егер мені шақырған иманың,
сендердің имандарыңдай болса, мен оған аяқ баспаймын. Өйткені менің
сендердің имандарыңа деген аңсарым, қалауым жоқ. Өйткені бір кісінің
көңілі иман келтіруге жүздеген мәрте ауса да, сендердің қаталдықтарың
мен қатігездіктеріңді көріп көңілі суып кетеді. Оның көңілінде иманға
деген аңсары әлсірей бастайды. Өйткені ол сендердің бойларыңнан
исламның мағынасыз, тек аты ғана бар, іші бос кеудесін көреді. Мұның
мысалы, сусыз шөлдерді раушан гүлі, алуан түрлі көкөніс егілетін жер
ретінде қарастыру тәрізді оғаш әрі мағынасыз.
Меніңаңғарғанымиманныңкүллі кереметі, нұрыБаязиттіңиманында
бар. Оның иманының титтей бір бөлшегі бір тамшыға тисе, оны телегей
теңізге айналдырады.
Ал сендердің имандарың ішкі жан сарайыңызға толық енбей, қабық
секілді тыста қалғандықтан мақтаныш пен даңғойлықтың тұтқынына
айналған. Келіп-кетуі тез алдамшы иман, дауысы жағымсыз, рухсыз
азаншы сияқты. Адамдарды сүйіндірудің орнына, бездіріп жібереді.
Яғни сендердің имандарың раушан гүлзарына енсе, гүлзарды қуратып
жібереді.
Алайда Хазірет Баязиттің иман нұры, оның ішкі жан сарайынан
шығып әлемге шуағын төксе мына фәни, алдамшы дүние жақұтқа,
жәннатқа айналады. Мүминдердің ішкі жан сарайлары барша әлемге
иман нұрынан нәр берерлік мөлдір бұлаққа айналады. Сондықтан
Баязиттің иманы, шыншылдығы менің ішкі жан дүниемде иманға деген
теңдессіз махаббат, сағыныш тудырды.
***
Риуаят етілген дерекке сүйенсек, Имам Ағзам Әбу Ханифа бір
мажусиге зат берген еді. Оны кері сұрап алайын деп мажусидің үйіне
бет алды. Оның қақпасының алдына жеткенде, аяқкиімін былғап
алды. Аяқкиімін тазалайын деген ниетпен, аяғын сілкіп қалғанда, оған
жабысқан лас нәрсе мажусидің үйінің қабырғасына шашырап кетті. Не
істерін білмей қалған Әбу Ханифа өз-өзіне : «Егер мынаны сол күйде
қалдырсам мажусидің үйінің жағымсыз болып көрінуіне себепші
боламын. Ал егер сүртіп өшірсем, қабырғаның сылағы бұзылады», - деп
есікті қақты. Шыққан қызметшіге қарап: «Мырзаңа барып, Әбу Ханифа
есіктің алдында сені күтіп тұр деп хабар бер», - деді. Үй иесі мажуси тысқа
шығып, Әбу Ханифаның затын сұрап келді-ау деген оймен оған түрлі
себептер айтып жалына бастады. Әбу Ханифа болса: «Бұл қазір онша