Previous Page  48 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 48 / 462 Next Page
Page Background

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

(

48

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

көрсетпейтін әлсіз жандар ереді», - деп ойлайсың. Сен Хираны біле

місің?» - деп сұрады.

Мен: «Көргенім жоқ. Бірақ ол жайлы естідім», - деп жауап бердім.

Ол: «Жанымды қолында ұстап тұрған Аллаһқа ант етейін, Аллаһ

бұл игі істі тәмамдары хақ. Тіпті бір әйел жалғыз өзі Хирадан шығып,

Аллаһтың үйін тауаф етеді. Кейін Кисра ибн Хурмуздың қазыналары

қолға түседі», - деді.

Мен: «Кисра ибн Хурмуздың қазыналары ма?» - деп сауал қойдым.

Ол: «Иә. Кисра ибн Хурмуздың», - деп жауап берді.

Кейін ол: «Көп ұзамай, дүние-мүліктің артатындығы соншалық,

зекетті алар кісі табылмайды», - деді.

Мұсылмандықтықабыл еткенімде АллаһЕлшісі (с.а.у.) қаттықуанды.

Жүзінде қуаныштың белгісін көрдім. Ансардың бір үйіне түсіп, қонақ

болуымды өтінді. Таңертең-кешке оның үйіне барып тұрдым. Әрбір

намаздың уақыты кіргенде Аллаһ Елшісін (с.а.у.) сағынатын едім».

Көптеген жылдардан кейін бұл уақиғаны хикая еткен Ади: «Уаллаһи,

бір әйелдің Хирадан түйесіне мініп еш қорықпастан, мына Аллаһтың

үйіне қажылыққа келгенін көзім көрді. Кисраның қазынасын қолға

түсіргендердің арасында мен де бар едім. Жанымды қолында ұстап

тұрған Аллаһқа ант етейін Пайғамбарымыздың (с.а.у.) айтқан үшінші

сөзі де жүзеге асады. Өйткені оны Аллаһ Елшісі айтты», - дейтұғын.

26

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) айтқан бұл үшінші хабар, уақыты келіп жеткенде

іске асты. Халифа Омар ибн Абдулазиз, зекет қызметкерін Африка

аймақтарына жіберген еді. Қызметкер зекетті таратпастан кері қайтып

әкелді. Өйткені зекет алар кісі жоқ болатын. Мұны көрген халифа, зекет

қаражатына көптеген құл сатып алып, оларды азат етті.

27

***

Хазірет Мәулана «алтын ғасыр» дәуірінде өмір сүріп адамшылығы

мен ұжданын жоғалтқан, рухани дүниесі күйзелген, дөрекі әрі тұрпайы

жанның Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) нәзік, биязы халі және һидаятқа қол

жеткізер әдісі арқылы қалай иман келтіргенін өзіне тән хикая әдісімен

былай деп өрбітеді.

Бірнеше мүшрік кеш батып қалған шақта мешітке келіп,

Пайғамбарымызға (с.а.у.) қонақ болды. Қонақтар: «Уа, барша дүниенің

кісісін рухани тұрғыдан өз жан сарайына қонақ ететін ұлық кісі! Біз

бұл жерге, саған қонақ болып келдік. Ішіп-жейтін ешнәрсеміз қалмады.

26. Бұхари, Мәнақиб 25; Ахмед IV, 257, 377-379; ибн Хишам IV, 246-249; ибн Кәсир, әл-Бидая

V, 65; ибн Абдилбәр, әл-Истиғад, Кайр ІІІ,1057; ибн Әсир, Усдул-Ғаба IV, 9.

27. Сайд Рамазан әл-Бути, Фиқһус-Сирә, Бейрут 1980, 434-бет.