¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
(
54
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
маңызды емес», - деп қабырғаның жағдайын айтты. Кейін: «Мен мұны
қалай тазалайын?» - деп сұрады. Мұндай ұлылық пен сыпайылыққа
қайран қалып толқыған мажуси: «Мен әуелі нәпсімді тазартайын», - деп
сол сәтте мұсылман болды.
Мінекей Хазірет Әбу Ханифаның, мынадай болмашы мәселеде
мажусиге зұлымдық жасаудан бас тартып, оған берген затын қайтып
алмағандығы үшін мажуси иман келтірді. Зұлымдық жасаудан және
хақсыздықтан мұншалықты аулақ болған мұсылманның Аллаһ
құзырындағы сыйы мен құрметі қандай болмақ?!
31
***
Имам Ағзам Әбу Ханифаның көршілерінің бірі маскүнем жас жігіт
еді. Бұл жігіт таң атқаннан кешке дейін ішімдік ішетін. Түндеде тыным
таппай айқайлап, біреулерді балағаттап маңайындағы көршілерге маза
бермейтін.
Бір күні түнде жас жігіттің айқайы басылып қалды. Хазірет Әбу
Ханифа ертесінежағдайынбілмекші болып таңертеңкөршісін іздепүйіне
барды. Жолдастары ішімдік ішіп, біреумен төбелесіп абақтыға жабылды
деді. Мұны естіген Әбу Ханифа қатты мұңайды. Абақтыға барып,
құзырлы кісілерге жолығып оны босатуларын өтінді. Қызметкерлер тек
кепілдік арқылы босататындықтарын айтты. Имам Ағзам Әбу Ханифа
өзі кепіл болып, маскүнем көршісін абақтыдан шығарып алды. Кейінірек
уақиғаның мән-жайына қаныққан жас жігіт дереу Әбу Ханифаға келіп,
өкініш жастарына ерік берді. Ішімдікті тастап, тәубе еткендігін айтты.
Бұдан кейін жақсы көрші және әдепті оқушы боламын деп уәде етті. Ұлы
имам жас жігітке мейірім толы көз әрі қайғылы дауыспен: «Жас жігіт.
Сені біз құрттық. Саған дер кезінде қол созбадық. Негізі сен бізді кеш»,
- деді.
***
Нақыл етілген дерекке сүйенсек Хазірет Ибраһим ибн Адһам
ұйықтап қалған бір маскүнемнің сасық әрі лас аузын жуған еді. «Мұны
неге істедің?» - деп сұрағандарға: «Егер ұлы Аллаһты зікір ету үшін
жаратылған тіл мен ауызды лас күйінде қалдырсам, үлкен құрметсіздік
болар еді», - деп жауап берді.
Кісі мастығы айығып, өз-өзіне келгенде маңайына жиналған жұрт:
«Сенің аузыңды әйгілі Хорасанның заһиді Ибраһим ибн Адһам жуды»,
- десті.
Мұны естіп қатты ұялған маскүнемнің ішкі жан дүниесі қайта тіріліп:
«Олай болса, мен тәубе еттім», - деді.
31. Фахруддин әр-Рази, Мәфатихул-Ғайб (әт-Тәфсирул Кәбир), Бейрут 1990, І, 192.