Previous Page  51 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 51 / 462 Next Page
Page Background

(

51

¥ÛÇÌÅÒ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Пайғамбарымызға (с.а.у.) қарап: «Уа, Аллаһтыңтекжалғыз екендігінің

ақиқи куәгері!Маған кәлима-шәһадатты үйрет. Аллаһтың бірлігіне иман

келтіріп, сенің пайғамбарлығыңды растап бақыттылардың керуеніне

қосылайын. Мен бұл қарабайыр тұрпайылықтан, сезімсіз ар-ұжданнан,

піл тәрізді денемненжалықтым. Бұдан былайиманныңшексіз ұланғайыр

өлкесіне сапар шегейін», - деді.

Хазірет Мұстафа (с.а.у.) оған иманды тәлім етті. Оның кәлима-

таухидті айтуы мұң-ақ екен яғни «ләә иләәһә иллаллаһ, мұхамәддур-

расулуллаһ» деуі сол екен кеудеде жиналған барша түйін шешіліп қоя

берді.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) оған: «Бұл кеште үйіміздің әрі ішкі жан

сарайымыздың қонағы бол», - деп өтініш білдірді.

Мұсылмандықты қабыл етіп, бақыт шуағына бөленген кісі: «Уаллаһи,

қай жерде болсам да, қай жерге барсам да мен сенің мәңгі-бақи

қонағыңмын. Мен өлік едім. Сен тірілттің. Бұдан былай мен сен азат

еткен құлың секілдімін. Сенің босағаңда қалған ғұмырымды өткіземін.

Өйткені күллі дүние, ақырет сеніңшапағат дастарқаныңның қонақтары»,

- деді.

Сол күні кешке ол Хазірет Пайғамбарымыздың (с.а.у.) қонағы болды.

Бір ешкінің сүтін тауыса алмады. Кейін шүкір етіп, дастарқаннан тұрды.

Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Сүт іш, астан алсаңшы», - деп қанша мәрте

айтса да кісі асқа қол созбады. Мұсылмандықты жаңа қабыл еткен кісі:

«Уаллаһи, шынымен-ақ тойып қалдым. Мұны ұялғанымнан немесе

мақтанып айтқаным жоқ. Сенің ішкі жан сарайыңнан нәр алған сәттен

бастап бір жұтым ас, жүздеген жұтым астың орнын басты. Мен кешегі

обырланып жегенімнен артық жегендей тойдым», - деді.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтар болсақ, күпірлік толы

құлшыныс пен қорлықтан құтылған шақтан бастап, аждаһаның

асқазанындай асқазаны бар бұл кісі болмашы азыққа тойған еді.

28

Бұл

тұрпайы, дөрекі мүшрік бәдәуи Аллаһ Елшісінің бойындағы исламның

жарқын жүзін, кешірімшілдігін, рақымдылығын, сыпайылығын,

биязылығын көрген еді. Жүрегіндегі мұздар еріп, сыпайы, биязы,

мейірімді, парасатты мұсылман болып қайта туды.

***

Рухани күйзеліске ұшыраған адамдарды сол күйінде тағдыр тәлкегіне

тәрк етпей, оларға исламның игіліктерін, жарқын жүзін көрсетіп

қол ұшын беруіміз қажет. Өйткені, мұндай кісілер Аллаһқа және

28. Ұқсас дерек үшін қараңыз: Тәбарани, әл-Мужмағул Кәбир, Хамди Абдулмәжид әс-

Сәләфи, Бейрут, Дару ихяит турасилил араби ІІ, 274/2152.