¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
(
56
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Осман империсының дәуірінде падишаһынан бастап, барша халқы
исламды жан-тәнімен сүйді. Оның жарқын жүзі әрбір сәтте көрінген
ерекше шақ болатын. Соның дәлелі ретінде болған мына уақиға нендей
өнегелі, ғибратты.
Жиһангер мәртебелі Фатих сұлтан Мехмет хан Стамбулды
бағындырғаннан кейін ғұламаларды, ғарифтерді, пашаларды жанына
ертіп керемет салтанатпен Едірнекапыдан қалаға аяқ басты.
Ақбоз атының үстінде тұрып: «Ғазиларым! Хақ Тағалағашексіз мадақ!
Стамбулды бағындырғандардың қатарына кірдіңдер! Қарсы шықпай,
жан сауғасын сұрағандарға тимеңдер. Әйелдерге, балаларға, қарттарға,
ауруларға зәредей зияндарыңды тигізбеңдер. Сізге адал болған, олжаны
ғана олжалаңдар», - деп әскеріне соңғы әмірін берді.
Оның адам құқықтары декларациясы дүниеге келместен, көптеген
уақыт бұрын жариялаған бұл үкімдері ұлттық тарихымыздың ең қадірлі
құжаттарының бірі болып табылады. Әділдік толы мұндай әрекетке
қайран қалып, көздері жасқа толған Стамбул архиепископы Фатихтің
аяғына жығылды. Фатих оны көтеріп: «Біздің дінімізде адамдарға
Аллаһқа сәжде еткендей иілу харам. Орныңыздан тұрыңыз. Сізге
және күллі христиандарға күллі құқықтарын, азаттықтарын қайтарып
беремін. Осы сәттен бастап өміріңіз және азаттығыңыз үшін қаһарымнан
қаймықпаңыз. Архиерископқа рим православтарының көсемі ретінде
көрсетілетін барша сый-құрмет сақталады», - деді.
Стамбул бағындырылғаннан кейін Фатих сұлтан жалпы кеңшілік
жариялап, Византияның абақтыларында қамалып жатқандарды босатты.
Олардың арасында екі ғалым, бір пәлсәпашы епископ бар еді. Фатих
олардың неге абақтыға түскендіктерін сұрады.
Олар: «Біз, Византияның ең үлкен епископтары едік. Патшаның
зұлымдығын, халыққа көрсеткен қысымын, жасаған жағымсыз
әрекеттерін, ырду-дырду көңіл көтеруін барлығын сарайына барып,
бетіне айтып салдық. Соңының жаман болып бітетіндігін, мемлекеттің
жығылатындығын тілге тиек еттік. Ол біздің ескертумізді естіп, ашуына
мінді. Абақтыға қаматты», - деп жауап берді.
Бұл сөздер Фатихтің назарына ілікті. Епископтардан осман
империясы жайлы пікірлерін сұрады. Олар біраз уақыт зерттеулер
жүргізгеннен кейін ғана пікірлерін білдіретіндіктерін айтты. Епископтар
қолына сұлтанның әмірі жазылған құжатты алып, мемлекетті шарлап
шығуға бел байлады. Таңертең ерте тұрып қажетті заттарды сатып алу
үшін дүкенге барды.
Дүкенші: «Мен біраз сауда-саттық жасадым. Сауда жасамаған
көршімнен алыңыздар», - деді.