¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
(
58
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Епископтар бұлардың барлығына куә болғаннан кейін үйлеріне
қайтты. Кешбатып қалғаншақта қыздарын бірмедресегежіберді. Қыздар
есікті ашқан жастарға: «Кеш батып қалды. Бізді бұл түні қонақ етесіңдер
ме? Шарасызбыз», - десті.
Шәкірттер біраз ойланып, өз орындарын бұл екі қызға бермекші
болып келісті. Төсектерін қыздарға беріп, ортаға бір перде тартып өздері
ошақтың басында түнеп шықты. Таңертең қыздарды шығарып салды.
Қандай уақиға болғандығын ойлап тынышы кеткен епископтар,
қыздарынан түнді қалай өткізгендіктерін сұрады.
Олар: «Шәкірттер өз орындарын бізге берді. Өздері бөлменің
бұрышына тығылды. Ошақта жанып жатқан шоқтарды қолдарымен
кезек-кезек ұстап, бір-біріне қарап: «Раббымыз бізді тозақ отынан
сақтасын. Бізді көзді ашып-жұмғанша ауысатын ақымақтардан етпесін»,
- десіп жатты. Біз жаққа бір мәрте бұрылып назар салмады», - деп болған
уақиғаны тарқатты.
Епископтар христиандар тұратын аудандарға да бас сұқты. Фенер
ауданына қарай бет алды. Жолда келе жатып өздері бес саусақтай
білетін христиандар тұратын жерлердің өзі қатты өзгергендігін байқады.
Көшедегі қоқыстың өзі едәуір азайыпты. Ешкім өзге біреуге зұлымдық
жасауға бата алмайтын болыпты. Барша кісінің көңілі орнына түсіп,
жаны жай тауыпты. Бұрынғыдай шарап ішіп алып, көшеде айқайлап
жүретіндер таусылыпты. Тіпті пақыр христиандарға үй берілгендігін
көздері көрді.
Епископтар бұл ұзақ зерттеу мен тексеруден кейін Фатих сұлтанның
құзырына кіруге рұқсат алды. Сұлтанға көздері көрген уақиғаларды
айтып шығып: «Бұл халық пен мемлекет, осы бағытынан жаңылмаса
қиямет қайымға дейін өмір сүреді. Мұндай көркем ахлақ пен өмір
ағысының иесі болған адамдардың діні, сөзсіз хақ дін», - десті. Кәлима
шәһадат айтып, мұсылмандықты қабыл етті.
***
Ұзын сөздің қысқасы, исламның жарқын жүзін ғаламға көрсете білу
Аллаһқа дағуат етудің еңжеңіл әдісі болып табылады. Ол адамзат тарихы
куә болып келген пайғамбарлардың, әулиелердің, салих жандардың
ұстанып келген берекелі әдісі әрі ұлы қызметі. Өйткені адамзат баласын
құтқарып қалар тек амал осы. Әйтпесе өзгеге насихат еткенін, өзі жүзеге
асырмаған, үйренгенін өз бойына сіңіре алмағандардың өзге адамзат
баласы тұрмақ өздеріне еш пайдасы тимесі хақ. Өйткені, Хақ Тағала іске
аспай, сөз жүзінде қалып қойған сөздерді және ықылассыз жасалған
амалдарды қабыл етпейді.
Хазірет Әбу Бәкір (р.а.): «Аллаһ, құлының іске аспай қалған сөзінен
разы болмайды», - деп оның маңыздылығын атап өткен.