(
63
¥ÛÇÌÅÒ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
жасамады. Керісінше олар өз-өздеріне зұлымдық жасады»
(Тәубе сүресі,
70-аят)
.
Душар болған азаптары, пәлекеттері өз күнәларының нәтижесі
еді. Жасаған қателіктері мен қарсы шығуларының кесірінен һәм бұл
дүниелік һәм ақыреттік бақыттарын жоғалтты.
Құран Кәрімде бұл жайт, былай деп баяндалады:
«Адамдардың өз қолымен істеген
(күнәларының себебінен)
құрлық
пен теңізде бұзақылық пайда болды. Бұл, олар
(күнә атаулыдан аулақ
болып)
тәубе етер деп, Аллаһтың жасаған күнәларының сазайын беру
үшін (іске асады)»
(Рум сүресі, 41-аят)
.
«Бастарыңа келген қандай да бір қасірет, қолекі істегендеріңнің
салдарынан болады.
(Бірақ мейірімі мол Аллаһ)
көптеген күнәларды
кешіп жібереді»
(Шұра сүресі, 30-аят)
.
Ұлық Раббымыз, нендей мейірімді десеңізші! Тура жолдан тайып,
күнәға белшесінен батқан құлдарына алуан түрлі дүниелікжазалар беріп,
ескерту жасауы, оның кең мейірімділігінің бір көрінісі болып табылады.
Өйткені ақыреттегі жазалар өте ауыр. Сондықтан Аллаһ Тағала
құлдарын бірнеше қиыншылыққа душар еткізеді. Оған қоса, құлдарының
жасаған барша күнәсінің жазасын бұл дүниеде бермейді. Оларға
күнәларын тәрк етіп, тура жолды қайта табуларына мүмкіндік жасайды.
Иләһи ескертулерге құлақ асып тура жолға түссе, ескі күнәларының
кешірелетіндігін білдіреді. Тіпті құлының шын пейілділігіне қарай, ескі
күнәні сауапқа айырбастайтынын жеткізеді. Міне оның мейірімділігі
мен рақымдылығы осындай.
Алайда дүниенің алдамшы қуанышына сүйініп, есепсіз ескертулерге
құлақ аспаған, тәубе етіп тура жолға түскісі келмеген құлдарын
күйзелтуші азаптың дәмін таттырады. Бұл жайлы Құран Кәрімде Аллаһ
Тағала былай дейді:
«Күмәнсіз, оның жазасы
(азабы)
күйзелтуші әрі қатты»
(Һұд сүресі,
102-аят)
.
Мұсылман баласы үшін екі дүниенің бақытын сыйлайтын ислам
дінінен өзге жол жоқ. Мұсылмандар әрдайым бір-бірін игілік жасауға
үгіттеп, жігерлендіруі қажет. Бір-бірін толықтырып отыратын бір заттың
екі бөлшегі тәрізді, бір-біріне қолдау көрсетулері керек. Аллаһтың
әмірлерін мүлтіксіз орындаулары ләзім. Өйткені Аллаһтың әмірлері іске
аспай, күнәларға жол ашылса дүниенің жүйесі бұзылады. Ақиқат, әділет,
ынсап, махаббат, жан қауіпсіздігі іспетті маңызды нәрселер құндылығын
жоғалтады. Олардың орнына қоғамда зұлымдық, ахлақсыздық, аштық,
ұрлық, қылмыстық іс-әрекеттер пайда болады. Адамдар тіпті көшеге
шығудан қалады.