Previous Page  47 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 47 / 462 Next Page
Page Background

(

47

¥ÛÇÌÅÒ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

игілік және артықшылық емес пе? Ал егер патша болып шықса, оның

саясында Йемендегі билігіңді сақтап қалып, қор күйге түспейсің. Шешім

сенікі», - деп жауап берді.

Уаллаһи, бұл керемет пікір. Мен бұл кісіге барып жолығайын. Бір

өтірікші болып шықса, маған өтірігі зиянын тигізбес. Ал егер айтқандары

тура, дұрыс болып шықса, соңынан ерермін деп шешім қабылдап

Мәдинаға тартып кеттім.

Хазірет Пайғамбарды (с.а.у.) туыстарының, балалардың, әйелдердің

арасында отырғанын көргенімде оның бойында «Кисраның» немесе

«Қайсардың» салтанатын байқай алмадым.

Ғаламның мақтанышы Пайғамбарымыз (с.а.у.) қолымнан ұстап,

үйіне ертіп апарды. Жолда кетіп бара жатқанымызда бір кәрі әйел

кездесіп, оны тоқтатып алып мұқтаждығын айтты. Ол біраз уақыт

әйелдің мұқтаждығын тыңдады. Кейін мұқтаждығын өтеп берді. Үйге

кіргенімізде құрма талшығынан тоқылған көрпешені маған ұсынып:

«Мынаның үстіне отыр», - деді.

Мен: «Жоқ. Сен отыр», - дедім.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Жоқ. Бұған сен отырасың», - деді.

Көрпешенің үстіне отырып алдым. Ал Аллаһ Елшісі (с.а.у.) жерге

отырды. Ішімнен: «Уаллаһи, бұл патшаның әрекеті емес», - дедім.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Ади! Мұсылман бол, амандыққа қол

жеткізесің», - деді.

Мен: «Менің өзімнің ұстанып жүрген дінім бар», - дедім.

Маған қарап: «Сенің дініңді сенен жақсы білемін», - деді.

Мен: «Менің дінімді менен жақсы біле місің?» - деп сұрадым.

Ол: «Иә. Сен Рақусилардан

25

емессің бе? Руыңның қолға түсірген

олжаның төртте бір бөлігін алады емессің бе?» - деп сұрады.

Мен: «Иә солай», - деп жауап бердім.

Ол: «Негізінде ол, сенің дінің бойынша адал емес қой»,- деді. Бұған

қосып ешнәрсе айтпады. Аллаһ Елшісі (с.а.у.) мұны айтқанда, қатты

ұялдым. Оған қарап: «Иә. Уаллаһи солай», - дедім. Дәл сол сәтте оның

Аллаһтың Елшісі екендігін аңғардым.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) мені ұятқа қалдырған сөзді қайтып қайталамады.

Кейін: «Сенің мұсылмандықты қабыл етуіңе кедергі болып тұрған

себепті де білемін. Сен: «Оған тек нашарлар, арабтардың еш сый-құрмет

25. Рақусия: Христиан және Сабилік (Христиан менЮдайзм арасынан шыққан дін өкілдері)

екеуінің арасынан шыққан діни түсінік.