

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
(
50
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
шығайын»,-деді. Маңайында жиылып қалғандар: «Жанымыз жолыңа
құрбан болсын. Біз жуайық, сен араласпа. Бұл іс қол ісі, көңіл ісі емес. Біз
саған қызмет ету үшін жүрміз. Қызметті сен атқарсаң, біз не қылмақпыз»,
- десті.
Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Маған деген сүйіспеншіліктеріңді білемін.
Бірақ менің бұл бөлмені жууда бір сыр бар», - деді. Үй-ішіндегі жандар
Пайғамбардың (с.а.у.) бұл сөзін естігеннен кейін, бұл істің тереңінде
жатқан сырды көрелік деп күте бастады...
Ол имансыз қонақтың тұмардай етіп мойнына тағып жүретін
кішкентай пұты бар еді. Оның қай жерде түсіріп алғандығын есіне
түсіре алмай аңтарлып қалды. Ішінен: «Мен қасиетті тәңірімді, жатқан
бөлмемде тастап кеттім-ау деймін», - деген ойға келді. Жасаған жаман
әрекеті есіне түсіп қатты ұялды. Бірақ мойнына тағып жүретін пұтқа
деген махаббаты ұятын жеңді. Пұтын қайтып алмақшы болып үйге
қарай жүгірді. Бөлменің ішінен пұтын тауып алды. Өзінің былғап
кеткен төсегін Аллаһ Елшісінің жуып жатқандығын көрді. Пұтқа деген
махаббаты сөніп, оны ішкі жан сарайынан қуып шықты. Надандықтың
мастығынан айығып, өз-өзіне келді. Қатты тебіренді. Толқыды. Жеңін,
жағасын жыртты. Екі қолымен бетін, басын ұрғылады. Басын қабырғаға,
есікке соқты.
Ол: «Уа, жаһанның қадірі ұлық кісісі! Сенің жасаған игілігіңе
қайтарым ретінде істеген ғапылдығыма қатты ұялып тұрмын», - деген
сөзді бірнеше мәрте қайталады. Рухани дүниесінің астаң-кестеңі
шығып, ғаламға бет бұрып: «Уа, хикметке толы жер жүзі! Сен Аллаһтың
әміріне мойынсұнып, бас иесің. Оған деген махаббатың сені шыр-
көбелек айналдырып тұр. Ал мен болсам сенің үстіңдегі нығметтерге
мұқтаж, бейшара біреумін. Соған қарамастан нәпсімнің дегеніне көніп,
азғындаймын. Сен Аллаһ Тағаланың дегенінен шықпай, одан қорқып
тітіреп зікір етесің де тұрасың. Мен болсам оның әмірлеріне қарсы
шығамын. Нендей оңбаған адаммын десеңші!» - деп айқайлады. Әрбір
сәт жүзін көкке бұрып Хазірет Пайғамбарымызға (с.а.у.): «Уа, жаһанның
толған айы! Сенің жүзіңе қарайтын менде бет қалмады», - деп шыр-пыры
шығып көз жасына ерік берді.
Оның бұл жан тебірентерлік халі арта түскендігін, күпірліктен безгісі
келгендігін байқаған Хазірет Мұстафа (с.а.у.) оны өзінің жан сарайына
қонақ етті. Ішкі дүниесінен нәр алуға ерік берді. Кісінің жаны жай
тапты. Оның рухани күйзеліске ұшыраған дүниесін қайта тірілтті. Оған
мағынасы терең сөздер айтты. Осылайша пұтының құлы болған қараңғы
кісі өмірінде көрмеген мынадай ұлы ахлақты, жақсы мәмілені көрген
сәтте жақын досқа айналды. Аллаһ Елшісінің ішкі жан сарайының
кеңдігін, оның қарапайымдылығын байқап аң-таң болды.