(
49
¥ÛÇÌÅÒ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Оның үстіне біз алыс жерден келіп аяқ тіредік. Бұл жерде танитын кісіміз
де жоқ. Қанекей игілігіңді, жомарттығыңды көрсет. Біз бейшараларды
сүйіндір, көңілімізге қуаныш нұрын шаш», - десті.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) сахабаларына қарап:
«Уа, достар! Мыналарды
өз араларыңда бөлісіп алыңдар. Сый-құрмет көрсетіңдер. Өйткені
сендер менімен бірге көркем ахлақты, жомарттықты бөлістіңдер.
Менің бойымдағы сипаттарға еліктеп, өз бойларыңа сіңдіруге күш салып
жүрсіңдер»
, - деді.
Сахабалардың әрбірі бір кісіден алып, үйіне әкетіп жатты.
Қонақтардың арасында теңдесі жоқ дәу әрі дөрекі біреу бар еді. Расында
орасан алып болатын. Бұл піл секілді кісіні, ешкімнің үйіне ертіп әкетуге
батылы жетпеді. Кесенің түбінде қалған көбік тәрізді мешітте жалғыз
қалды. Ешкім алып кетпеген бұл кісіні Хазірет Мұстафа (с.а.у.) өз үйіне
ертіп әкетті. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сүт беретін жеті ешкісі бар еді.
Алып қонақ дастарқандағы нанды, асты жеді. Кейін әлгі жеті ешкінің
сүтінің барлығын өзі ішіп алды. Жанұя мүшелері бұл обыр кісіге
өкпелеп, ашуға мінді. Өйткені жанұяның күллі азығы, бұл ынсапсыздың
құлқынына түскен еді.
Сегіз-он кісінің асын бір өзі жегендіктен обыр кісінің қарны дауылпаз
сияқтыісіпкетті.Жататынуақыт таяғандабірбөлмегекеліпкірді.Қызмет
көрсетіп жүрген қыз бұл адамға қатты ыза болғандықтан, бөлменің есігін
құлыптап кетті. Кейін сыртынан шынжыр тақты.
Түннің ортасында қонақ тысқа шыққысы келді. Таңға дейін іші
ауырып шықты. Төсегінен атып тұрып, есікке ұмтылды. Қолын есікке
таяғанда, оның құлыптаулы және шынжырлы екендігін аңғарды. Есікті
ашу үшін обыр алуан түрлі әдіс қолданды. Алайда есікті аша алмады.
Қиналуы арта түсті. Оған бөлме тарылып кеткендей көрінді. Не
істерін білмей тосылып қалды. Шарасыз, тынышы кетіп бейшара күйге
түсті. Ішінің ауырғандығын ұмытпақшы болып төсекке келіп жатты.
Дөңбекшумен болды. Көзі ілініп кетіп, түсінде өзінің қирап қалған
бір жерде жүргендігін көрді. Сол жерде дәретін бұзып жіберді. Оянып
кетіп, жатқан жерінде дәрет бұзып ластағанын көрді. Ұялғанынан жерге
кіріп кете жаздады. Өз-өзіне күбірлеп: «Мына түн тезірек өтіп, есіктің
ашылғанын естісем», - деп күтуге кірісті. Күтудің себебі, мына лас
жерден тезірек құтылып, ешкімнің көзіне түспейін деген ниеттен туған
еді. Садақтың адырнасында керіліп тұрған оқ тәрізді кейіпке түсті.
Таң рауандап атқанда Аллаһ Елшісі (с.а.у.) келді. Бөлменің есігін
ашты. Әлгі кісі шығып кетсін деп жол ашты. Пайғамбарымыз (с.а.у.) ол
мені көріп ұятқа қалмасын деп жасырынып қалды.
Қонақ бөлмеден безіпшықты. Ғаламның рақымнұрыПайғамбарымыз
(с.а.у.) күлімсіреп: «Маған су толы шелек әкеліңдер. Бөлмені жуып