(
43
¥ÛÇÌÅÒ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Әрбір кісіні қайнап жатқан майға теңеу қажет. Өйткені оның бойында
белгілі деңгейде намыс, тағыда басқа қасиеттер бар. Ешбір жан қатты
сөзді яки дөрекілікті сүймейді. Сондықтан, кез келген жанның ішкі жан
сарайынаеніп,жандандыруүшінжылысөз,жұмсақтық,қарапайымдылық
тәрізді жақсы қасиеттерді бойымызға сіңдіруіміз керек.
б) Исламның жарқын жүзін көрсете білу
Кәміл мүмин барша махлұқатқа мейірімді әрі жарқын жүзді болары
хақ. Жаратушыға деген махаббаты себепкер болып, күллі жаратылысты
жанындай сүйіп, сый-құрмет көрсетеді. Мүминнің исламды толықтай
үйреніп, меңгеріп оның жарқын жүзін адамдарға, хайуандарға тіпті
жансыздарға иләһи бір сыйретінде ұсынуыләзім. Осындаймүминдерден
құралған қоғамда шүбәсіз тыныштық орнары сөзсіз.
Ислам діні адамзат баласын әрдайым тыныштық пен бақытқа
бастайтын иләһи дін. Ең маңызды іс исламды толықтай меңгеріп, оны
әлемге таныта білу. Егер біз мұсылмандар ислам негіздерін іске асырсақ,
онықабыл етсек бізденынсаптыжан табылмас.Мұсылмандар, діндерінің
жарқын жүзін барша әлемге көрсете білсе, әрбір ақылды кісі Исламның
уәде еткен мәңгі бақытын түйсініп, оның күллі әсемдікті, әдемілікті
қамтыған рақат ортасына кіру үшін құлшына кірісері даусыз.
Зұлымдық пен қарабайыр қараңғылықтың бұғауында арпалысқан,
қорқыныш пен қайғының телегей теңізінде тербелген адам баласы
ғасырлар бойы исламның жарқын жүзін көріп, оны бойына сіңіріп
бақытқа қауышып отырған. Исламды білмеген, оны жете танымаған
көптегенжандар, оныңхақиқижарқынжүзінАллаһдостарыныңөмірінде
көрген сәтте таңданыстарын ж сыра алмаған. Исламның мейірімділігі
мен рақымдылығын жұртқа паш ете білген Аллаһ достары қатігез, қара
ниетті жүректердегі мұзды ерітіп, оларға һидаят жолын көрсете алған.
Исламның жарқын жүзін он сегіз мың ғаламға көрсетудің ең дұрыс
жолы, әдісі, оны дұрыс тану және Аллаһ Елшісінің сүннетін мүлтіксіз
жүзеге асыру болып табылады. Исламның жарқын жүзі әуелі біздің
күнделікті өмірімізде, яғни барша іс-әрекетімізде, ішкі жан дүниемізде
орын тебуі қажет.
ӨНЕГЕЛІ КӨРІНІСТЕР
Сайып ибн Әбус-Сайып (р.а.) былай деп әңгімелейді:
«Аллаһ Елшісіне (с.а.у.) барған едім. Ардақты сахабалар мені жер
көкке сыйғызбай мақтап, мен жайлы айта бастады. Аллаһ Елшісі (с.а.у.):
«Мен оны сендерден жақсы танимын», - деді.