Previous Page  40 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 40 / 462 Next Page
Page Background

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

(

40

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

азайтып, дос және жақын жандардың махаббаты мен жақындығын

арттыра түсуі күмәнсіз.

***

Хазірет Ибраһим (а.с.) адамдарды Хақ жолына дағуат етуді әкесі

Азардан бастаған болатын. Оған сыпайылық танытып, былай деген еді.

«Уа, әкешім! Естімейтін, көрмейтін әрі саған тиер пайдасы жоқ

нәрсеге неге табынасың? Уа, әкешім! Маған, саған берілмеген білім

берілді.

(Сол себепті)

менің соңымнан ер! Сені тура жолға салайын! Уа,

әкешім! Шайтанға табынба!

(Өйткені)

шайтан, Аллаһқа қарсы шықты.

Уа, әкешім! Сенің Аллаһтың азабына ілігіп,

(тозақта)

шайтанмен дос

болуыңнан қорқамын!»

(Мәриям сүресі, 42-45 аяттар)

.

Әкесі Азар болса, қатты ашуланып былай деп үн қатады.

«Уа, Ибраһим! Сен менің тәңірлерімнен бас тартпақшысың ба? Егер

бұл пікіріңнен бас тартпасаң, сені тасқа бораймын.

(Сондай-ақ)

біраз

уақыт менен аулақ жүр!»

(Мәриям сүресі, 46-аят)

.

Бірақ Ибраһим (а.с.) Азарға жылы сөз сөйлеп қайта былай деп тіл

қатады.

«Саған

(Аллаһ)

амандық берсін! Саған Раббымның жарылқауын

тілеймін. Өйткені ол маған өте көп игілік жасаушы»

(Мәриям сүресі, 47-

аят)

.

Иә, өзін сөккен әрі қорқытқан кісіге жылы сөз сөйлей білу нендей

ұлы ахлақ десеңізші!

***

Мусғаб ибн Умайыр (р.а.) бозбала шағында мұсылмандықты

қабылдап, тура жолға түскен еді.Жанұясыжәбір көрсетіп, жапашектірді.

Мирастан мақұрым етті. Соған қарамастан ол дінін тәрк етпеді. Өйткені

ол сырт көзге пақыр болып қалғанымен, ішкі жан дүниесі иман нұрынан

нәр алып, алып бай көңілге айналды. Исламды жан-тәнімен сүйіп тәблиғ

етуде теңдессіз тұлға болатын.

Мусғабтың (р.а.) Мәдинаға келуі исламның сол жерде кең тарауына

себеп болды. Өйткені, Аллаһ Елшісі (с.а.у.) қызметке тағайындаған бұл

жас жігіт, адамдарға исламды таныстыру және оларды тура жолға салу

жолында аянбай тер төккен еді. Мусғабтың (р.а.) қажырлы еңбегінің

арқасында исламмен танысып, һидаятқа қол жеткізген бақытты

жандардың бірі Әсад ибн Зураға болатын. Ол Мәдинаға келген алғашқы

мұғалімді өз үйіне қонақ етіп, барша жұмыстарына қолұшын беретін.

Ол бір күні Мусғабты қасына алып, Зафар руына жататын кісілердің

бақшасындағы құдықтың басында отырды. Абдуләшхел руының бас