(
37
¥ÛÇÌÅÒ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Кез келген кісінің ішкі жан дүниесіне жылы сөзден артық әсер ететін
нәрсе жоқ. «Жылы-жылы сөйлесең жылан інінен шығады» деген мақал
жылы сөздің бет пердесін, маңыздылығын ашып көрсетеді. Жылы сөздің
қажеттілігі адамдарды мұсылманшылыққа дағуат еткенде байқалады.
Көптеген аяттар және хадис-шәріптерде исламға дағуат етудің жылы
сөз арқылы жүзеге асырылуының ең дұрыс әдіс екендігі айтылған. Хақ
Тағала Мұса (а.с.) мен Харунды (а.с.) шектен шығып, тура жолдан тайып
адасқан перғауынға жібергенде жылы сөз қолдануларын әмір еткен. Бұл
ақиқат ҚұранКәрімде:
«Оған сыпайы сөз сөйлеңдер! Бәлкім, насихатқа
құлақ асар. Яки
(Аллаһтан)
қорқар»
, - деп баяндалады
(Таһа сүресі, 44-
аят)
.
Мінекей, күпірлікке бой алдырған перғауынның өзіне, жылы сөз
қолдану әмір етілген. Ал перғауынның деңгейіне жетпегендігі айдай
мәлім кісілерге қалай мәміле жасау керектігі, түсінігі бар кез келген
жанға бірден байқалады.
АллаһЕлшісінің (с.а.у.)мұсылманшылықтытаратудағыжеңісі, жемісі
оның мүминдегі мен кешірімшілдігінің берекеті болып табылады. Хақ
Тағала Пайғамбарымыздың бұл мәселедегі кемелдігін Құран Кәрімде
былай деп суреттейді.
«
(Уа, Елшім!)
Сен оларға Аллаһтың мейірімі бойынша, жұмсақтық
таныттың! Егер тұрпайы, қатігезжүректі болғаныңда, олармаңайыңнан
тарқап кетер еді»
(Әли Имран сүресі, 159-аят)
.
«Шүбәсіз, сендерге өз араларыңнан ардақтыПайғамбар келді. Оған
сендердің машақатқа түсулерің ауыр тиеді. Ол сендерге өте ынтық.
(Сонымен қатар)
ол мүминдерге өте мейірбан, ерекше рақымды»
(Тәубе
сүресі, 128-аят)
.
Ал Пайғамбарымыз (с.а.у.):
«Аллаһ Тағала маған парыздарды
орындауды әмір етумен қатар, адамдарға игі және мейрімді түрде мәміле
жасап, жылы сөз сөйлеп, олардың жүректерінің арасында сүйіспеншілік
көшеттерін отырғызуымды әмір етті»
, - дейді.
20
Атағы жер жарған Зуннун Мысри: «Нәпсілерінің айдауына көніп,
надандықтыңшырмуына шырмалған жандардың мәселелеріне жылы сөз
және күлімсіреген жүз арқылы жол көрсетуге күш салу имандылықтың
белгісі», - дейді.
Қолданар әдіс жұмсақ және қолайлы болуымен қатар, оның ішінде
шын пейілділік болуы керек. Өйткені: «Жүректен шыққан сөз, жүрекке
жетеді. Ауыздан шыққан сөз құлақтан аспайды» деген әйгілі мәтел мұны
айғақтай түседі.
20. Суюти, Әл-Жамиғус-Сағир, Кайр 1321/1903, Матбағатул-Хайрийя І, 59/1695.