¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
(
38
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Бұл жайлы Хазірет Мәулана: «Жүрегі мен айтқан сөзі бір болмаған
кісінің жүздеген тілі болса да, ол тілсіз», - дейді.
Кісінің жүрегінің түкпірінен, шын пейілімен айтқан жылы сөздер,
оның ахлағының кемелдігін көрсетеді. Бұл кемелдік, кісінің өзіне
жасалған дөрекілікке, тұрпайылыққа сабыр етуге, өзгенің қателіктерін
кешіруге септігін тигізуі қажет. Мінекей, жылы сөзді болу, өзге жандарға
жұмсақтық таныту оңай шаруа емес. Бірақ берекеті және игілігі мол
қасиет екендігі даусыз.
ӨНЕГЕЛІ КӨРІНІСТЕР
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) мейірімді, сыпайы, биязы, ішкі жан сарайы
нәзік жан болатын. Дөрекі, тұрпайы мінезді біреу: «Ей, Мұхаммед!
Ей, Мұхаммед!», - деп бірнеше мәрте айқайласа да, сыпайылығын,
биязылығын бұзбастан: «Иә. Не қалайсың? - деп үн қататын. Яғни кісінің
дөрекілігіне, тұрпайылығына қарамастан, сыпайылықтың шегінен
шықпайтын.
21
***
Хазірет Айша анамыз (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мәмілесін
былай деп еске алады.
«Ахлағы, Аллаһ Елшісінен көркем пенде жоқ. Сахабаларының біреуі
яки жанұя мүшелерінің бірі оны шақырса: «Иә. Айта беріңіз», - деуден
танбайтын. Оның көркем ахлағын айғақтай түсу үшін Аллаһ Тағала:
«Күмәнсіз, сен көркем ахлаққа иесің»
(Қалам сүресі, 4-аят)
- деген аят
түсірді
(Уақиди, 463 бет)
.
***
Шөлден келген бір бәдәуи пайғамбар мешітінің ішіне кіші дәрет
сындырған еді. Мұны көрген сахабалар дереу бәдәуиге ұмтылып,
оған ұрса бастады. Аллаһ Елшісі (с.а.у.) сахабаларына қарап:
«Оған
тимеңдер! Кіші дәрет сындырылған жерге, бір шелек су төгіп жіберіңдер.
Сендер адамдарға қиыншылық туғызу үшін емес, жеңілдік көрсету үшін
жіберілдіңдер»
, - деді
(Бұхари, Дәрет 58; Әдеп 80)
.
Кейін ғаламның рақым нұры Пайғамбарымыз (с.а.у.) бәдәуиге
мешіттердің қасиеттілігін, маңыздылығын және әдептерін жылы сөзбен
түсіндірді.
***
Сағд әд-Дәлил (р.а.) Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) сыпайылығын, жылы
сөзбен тура жолға шақыруын былай деп тілге тиек етеді.
21. Мүслим, Нүзүр 8; Әбу Дәуіт, Әйман 21/3316; Тирмизи, Зүһд 50; Ахмед IV, 239.