Previous Page  39 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 39 / 462 Next Page
Page Background

(

39

¥ÛÇÌÅÒ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) және Әбу Бәкір (р.а.) Меккеден Мәдинаға

һижрет етіп бара жатқанда бізге соқты. Сол шақта Әбу Бәкірдің (р.а.)

біздің руымыздан шыққан сүт анасының қасындатұғын. Аллаһ Елшісі

(с.а.у.) Мәдинаға ең қысқа жолмен жетуді қалаған еді. Біз оған: «Бұл жер

Рақуба өткелінің Ғайыр жолы деп аталады. Ол маңайда Әслам руының

«муханан» деп аталатын екі ұрысы бар. Қысқа жолмен барсақ, солардың

үстінен түсеміз», - дедік.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Сен бізді оларға ертіп апар», - деді.

Сөйтіп біз жолға түстік. Рақуба асуының тұсына келіп, оларды тауып

алдық. Адамзаттың сұлтаны Пайғамбарымыз (с.а.у.) оларды қасына

шақырыпалды.Жылысөзбеноларғаисламдытанытты.Мұсылмандықты

қабыл етулерін өтінді. Олар оның сөзіне құлақ асып, мұсылман болды.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) олардың есімдерін сұрады.

Олар: «Бізді жұрт «мунахан» (қор екі жан) деп атайды», - деп жауап

берді.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Жоқ! Керісінше сендер мукрамансыңдар»

(құрметке бөленген екі кісі, - деп оларды қуанышты хабарды жеткізу

үшін Мәдинаға жөнелдірді

(Ахмед IV, 74)

.

***

Ибн Омар (р.а.) былай деп әңгімелейді.

«Мен бір жорыққа аттанған әскердің қатарына қосылған едім.

Әскердің бір бөлігі қашып кетті. Мен солардың ішінде болатынмын.

Біраз жер ұзақтағаннан кейін: «Енді қайтпекпіз? Жиһаддан қаштық.

Аллаһтың қаһарына ұшырадық», - деп өз арамызда сөйлестік. Кейін:

«Неде болсаМәдинаға қайталық. Бізді ешкім байқамас», - деген шешімге

келдік. Мәдинаға келгенде: «Барып жағдайымызды Аллаһ Елшісіне

(с.а.у.) айталық. Біз үшін тәубе ету мүмкіндігі болса, оны іске асырайық.

Ал жоқ болса, кері қайталық», - деген қарарға келдік. Таң намазынан

бұрын мешітке барып, Пайғамбарымызды (с.а.у.) күте бастадық. Аллаһ

Елшісі (с.а.у.) келгенде орнымыздан тұрып: «Біз қашқынбыз», - дедік.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) бізге қарап: «Жоқ. Сендер қашқын емессіңдер.

Мемлекет басшысына жәрдем ету үшін келген әрі соғысқа кері қайту

үшін маневр жасаған жандарсыңдар», - деді.

Біз оған жақындап, қолынан сүйдік. Ол бізге:

«Мен мұсылмандардың

баспанасымын»

, - деді

(Әбу Дәуіт, Жиһад 96/2647; Тирмизи, Жиһад 36/1716)

.

Нендей ұлы ахлақ! Адамдардың қателіктерін кешіріп, оларға әрдайым

жылы сөйлеп көңіл шипагері бола білу оңай шаруа емес. Мынаны

ұмытпауымыз қажет, кез келген жан жақсы мәмілеге, жылы шырайға

мұқтаж. Адамдарға жасалған жақсы мәміле дұшпанның дұшпандығын