Previous Page  73 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 73 / 462 Next Page
Page Background

(

73

¥ÛÇÌÅÒ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Әлгі кісі: «Аллаһтың Елшісі! Басшымыздың аяғы ауырып, соның

себебінен жолға шыға алмай отырмыз», - деп жауап берді.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) делагация басшысына келіп: «Аллаһтың

атымен, Аллаһқа сыйынамын. Мына жердің жамандығынан Аллаһтың

құдіретіне сыйынамын», - деп жеті мәрте оқып, оның аяғына үрледі.

Ол кісінің аяғы жазылып кетті. Әжептәуір жасқа жеткен кісілердің бірі

Пайғамбарымызға қарап: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Ол біздің ең кішіміз.

Сен бізге оны басшы етіп тағайындадың ба?» - деп сұрады. Адамзаттың

асылы Пайғамбарымыз (с.а.у.) оған оның Құран Кәрімді жақсы

білетіндігін есіне түсірді.

Қарт: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Егер Құран Кәрімді жаттағаннан кейін

ұйықтап қалып оған құрметсіздік көрсетуден, онымен амал етпеуден

қорықпасам, мен де үйреніп алар едім», - деді.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.):

«Құран Кәрімді үйрен. Өйткені Құран Кәрім

ішіне миск құйылып, аузы байланған ыдысқа ұқсайды. Ыдыстың аузын

ашсаң, одан хош иіс шығады. Ал ашпай, сол күйінде қалдырсаң, тұрған

жерінен қалып қойып хош иісі шықпайды. Мінекей Құран Кәрім осыған

ұқсайды. Оны оқып амал етсең, одан пайда көресің. Ал құр кеудеңде

жатталған күйде қалып қойса, одан толығымен пайда көрмейсің»

, - деді

(Хайсами VII, 161)

.

***

Ұхуд соғысында Мәдиналық ансарлар:

– Уа, Аллаһтың Елшісі! Шәһиттеріміз өте көп. Не қылайық? Бізге

нені әмір етесіз, - деп сұрады. Аллаһ Елшісі (с.а.у.):

– Терең әрі кең қабір қазыңдар. Әр қабірге екі-екі, үш-үш кісіден

жерлеңдер, - деп жауап берді. Олар:

– Алдымен қайсысын қабірге қоялық? - деп сұрады. Пайғамбарымыз

(с.а.у.):

– Әуелі ең көп Құран Кәрімді білетінді қойыңдар, - деді

(Нәсай, Жанайз

86, 87, 90, 91)

.

***

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дәуірінде ағайынды екі кісі өмір сүрген

еді. Біреуі (білім үйрену үшін) Пайғамбарымызға (с.а.у.) келетін. Ал

екіншісі күн-көріске қажетті заттарды алу үшін жұмыс істейтін. Жұмыс

істейтіні біркүні АллаһЕлшісіне (с.а.у.) келіп, бауырын (жұмыс істемейді

деп) шағымданды.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) оған: «Бәлки сен оның саясында жұмыс істеп,

ризығыңды тауып жүрген шығарсың», - деді

(Тирмизи, Зүһд 33/2345)

.

***