¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
(
76
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Білім дегенде алғаш ойға келетін нәрсе Құран және сүннет білімі
болып табылады. Жоғарыда аталып өткен риуаят қадірлі сахабалардың
білімде дария екендіктерін және олардың білмеген нәрселерін үйрену
үшінқұлшыныстарының,талпыныстарыныңмолболғандығынкөрсетеді.
Шынымен-ақ олар білім және Құран Кәрім қызметтерінде аянбай еңбек
етті. Мысалы, Жәбир ибн Абдулла Абдулла ибн Унайыстан тек бір хадис
жайында сұрастыру үшін бір айлық сапар шеккен еді
(Бұхари, Білім 19)
.
Табиғиндердің ұлыларының бірі болып табылатын Әбул-Ғалия:
«Біз Басрада тұрып жатқанда Аллаһ Елшінің (р.а.) сахабалары нақыл
еткен хадистерді еститінбіз. Бұған көңіліміз толмай, дереу көлігімізге
мініп Мәдинаға жол тартушы едік. Мәдинаға келіп, хадис-шәріпті
сахабалардың өз аузынан еститінбіз», - дейді.
45
Әйгілі ғұлама Сағит ибнМусаййаб: «Тек бір хадис-шәріпті есту үшін,
күні-түні тоқтамай ұзақ сапарлар шегетінмін», - дейді
(Ибн Кәсир, әл-Бидая
IX, 106)
.
Ардақты сахабалар, табиғиндер, ғұламалар ислам мен сүннеттің
бұзылмай сақталуына көп күш салды. Аштық, шаршау тағы да басқа
машақаттарға шыдай білді. Хақ Тағала оларды қиямет қайымға дейін
мұсылмандардың оң дұға ететін мәртебеге жеткізді. Жазған еңбектері
әуелі Құран Кәрімнен кейінгі, мұсылмандар қадірлейтін, имандай
сенетін негізгі кітаптарға айналды.
***
Абдулла ибн Сәламның ұлы Жүсіп (р.а.) былай деп нақыл етеді:
Біраз уақыт Әбуд-Дарданың (р.а.) қасында тұрып, одан білім алдым.
Ажалы таяған шақта мен шақырып алып: «Адамдарға менің өлейін деп
жатқанымды жеткіз», - деді.
Мен елді хабардар етіп, қайтып келдім. Үйдің іші, сырты адамдарға
толып кетті.
Мен оған: «Ажалыңның таяп қалғанын елге айтып келдім. Үйдің іші,
сырты кісіге толды», - дедім.
Ол: «Мені солардың жанына апарыңдар», - деді. Кейін: «Мені
отырғызыңдар», - деді. Біз оны жақсылап отырғыздық. Басын көтеріп:
«Уа, жарандар! Аллаһ Елшісінің (с.а.у.): «Кімде-кім дәрет алса, әрі ол
дәретін мүлтіксіз тәмамдаса кейін екі бас намаз оқыса, әрі оны мүлтіксіз
тәмамдаса Аллаһ оған қалағанын сол сәтте яки кейінірек міндетті түрде
береді», - деп айтқанын естіген едім», - деді.
Кейін: «Уа, жарандар! Намаз оқып тұрғанда (қыбыладан) басқа жаққа
бұрылмаңдар. Өйткені басқа жаққа қарап намаз оқыған кісінің намазы
45. Хатиб әл-Бағдади, Әл-Кифая фи ғилмир-Риуая, Бейрут 1988, 402-403 бет.