Previous Page  117 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 117 / 462 Next Page
Page Background

(

117

¥ÛÇÌÅÒ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Демек, кез келген кісі Аллаһ Тағалаға мұқтаж. Оның разылығына

қол жеткізу үшін қолынан келген әрбір істі жүзеге асыруға міндетті.

Сондықтан, өзін мұсылманмын деп атаған кісі мүмкіндігінше Аллаһ

жолында шын пейілімен еңбектенуі қажет. Хақ Тағала құлының шамасы

жетпеген істен жауапқа тартпайды. Ал шамасы жетіп тұрып, іске

асырмаған істерінен есепке тартуы хақ.

***

Пайғамбар мешіті салынып жатқан шақ болатын. Әркім бір-бір

кірпіштен тасып жатса, Аммар ибн Ясир (р.а.) бір кірпішті өзі үшін, ал

екінші кірпішті Пайғамбарымыз (с.а.у.) үшін, екі-екіден тасып жүр еді.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) мұны байқап қалып, үстіндегі шаңды қағып: «Ей,

Аммар! Сен неге жолдастарың секілді бір-бірден тасымайсың?» - деп

сұрады.

Ол: «Мұның сауабын Аллаһтан алуға үміттенемін», - деп жауап берді.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) оның арқасын сипап: Ей, Сумайяның ұлы. Өзге

жандар бір сауап алады. Ал сен екі сауап аласың», - деді

(Ахмет III, 91; ибн

Кәсир, әл-Бидая III, 256)

.

***

Абдулла ибнӘуфа (р.а.) әйелі қайтыс болғанда айтқанмына төмендегі

сөздері сахабалардың Аллаһ жолында қызмет етуге, тер төгуге деген

құлшыныстарын көрсетеді.

«Оның табытын көтеріңдер! Құлшынып көтеріңдер! Өйткені ол

және қызметшілері, тақуалыққа негізделген Пайғамбарымыздың мешіті

үшін түндерде де тас таситын. Біз еркектер күндіз екі-екі таситынбыз»

(Хайсами II, 10)

.

***

АллаһЕлшісі(с.а.у.)сахабаларыменбіргеБәдіргебеталғанеді.Мінетін

түйе саныжеткіліксіз болғандықтан, бір түйеге үшкісі кезектесіпмінетін.

АрдақтыПайғамбарымыз (с.а.у.) Хазірет Әли (р.а.) және Әбу Лубабамен

(р.а.) кезектесіп бір түйеге мінетін. Міну кезегі Пайғамбарымызға (с.а.у.)

келгенде қасындағы жолдастары: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Сіз мініңіз.

Біз жаяу жүрейік», - деп айтқан еді. Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Сендер мен

секілді жаяу жүруге шыдамды емессіңдер. Сонымен қатар сендер тәрізді

менің де сауап алуға мұқтаждығым бар», - деді

(Ибн Сағд II, 21; Ахмет I, 422)

.

Мінекей Аллаһ Елшісінің сауапқа қол жеткізу ісіндегі таусылмас

қажыры. Кез келген мұсылман Пайғамбарының (с.а.у.) ізіне түсіп,

сауапқа, жақсылық жасауға тоймауы керек. Соңғы деміне дейін Аллаһ

жолында сауап алатын адымдар жасауы тиіс. Хадис-шәріпте:

«Таңертең

немесе кешке азғантай уақыт Аллаһ жолында жүру, барша дүниеден

және оның ішіндегіден қайырлы»

, - деп айтылған

(Бұхари, Жиһад 6)

.