(
121
¥ÛÇÌÅÒ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
ба?» - деп айқайлады. Дереу қолына қалқанын алып: «Аллаһым! Мені
үйіме кері қайтарма», - деп дұға етті. Артынша Аллаһ Елшісіне (с.а.у.)
келіп: «ҰлдарымменіМәдинаға тастап кетпек ойлары бар. Маған сенімен
бірге ғазауатқа баруыма кедергі болып жатыр. Уаллаһи, мен мына ақсақ
күйімде жәннатта аяқ басып жүруді тілеймін», - деді.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Аллаһ Тағала сені үзір иесі ретінде қабыл етті.
Саған жиһад парыз емес», - деді.
Амр: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Сен, менің соңғы демім біткенше Аллаһ
жолында шайқасып шәһит болып, мына ақсақ аяғыммен жәннатта
жүруімді жөн көрмейсің бе?» - деді.
Алллаһ елшісі (с.а.у.): «Иә. Жөн көремін», - деді. Амрдың ұлдарына:
«Әкелеріңнің ғазауатқа баруына кедергі болмаңдар. Мүмкін Аллаһ оған
шәһит болуды нәсіп етер», - деді.
Амр қыбылаға қарап: «Аллаһым! Маған шәһит болуды нәсіп ет. Мені
одан мақұрым етіп, үмітін үзген жан етіп үйіме кері қайтарма», - деп дұға
етіп ғазауатқа қатысты.
Ұхуд соғысына қатысып, шәһит болуға сусап жүрген бұл ардақты
сахаба шайқас алаңында: «Уаллаһи, мен жәннатты сағынып жүрмін»,-
деп өзін қорғауға тырысқан бір ұлымен бірге шәһит болған еді. Кейінірек
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) ол жайлы:
«Жанымды қолында ұстап тұрған
Аллаһқа ант етейін, Амрдың жәннатта ақсаңдап жүргендігін көрдім»
, -
деді
(Уақиди I, 264-265; ибн Әсир, Усдул-Ғаба IV, 208)
.
***
Өз руының ислам дінін қабыл етуіне қарсы шығып, кейін бұл
әрекетіне қатты өкінген Усайрам (р.а.) бес қаруын түгел асынып Ұхудқа
келді. Пайғамбарымызға жақындап: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Сенімен
бірге шайқасқа қатысайын а? Жоқ әлде әуелі мұсылмандықты қабыл
етейін бе?,-деп сұрады.
Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Алдымен мұсылмандықты қабыл ет. Кейін
шайқас»,-деп жауап берді. Усайрам (р.а.) дереу мұсылмандықты қабыл
етіп, шайқасқа кірісіп кетті. Жараланып шәһит болды. Аллаһ Елшісі
(с.а.у.) ол жайлы:
«Аз еңбектеніп, көп пайда тапты»
, - деген еді
(Бұхари,
Жиһад 13; Мүслим, Имара 144)
.
Жаралылардың арасында жатып, өзіне қайран қалып қарағандарға
соңғы демінде: «Мен мұсылмандықты қабыл етуге келген едім. Аллаһ
және Оның Елшісі үшін соғысып, жараланып қалдым», - деп жатты.
Әбу Һұрайра (р.а.) бұл мубәрак шәһитті жұмбақ секілді жасырып:
«Айтыңдаршы! Кім өмірінде бір мәрте намаз оқымастан жәннатқа
кірген еді?» - деп адамдардан сұрайтұғын. Адамдар жауабын таба алмай,