(
129
¥ÛÇÌÅÒ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
в) Аллаһ жолында аянбау
Махаббаттың, сүйіспеншіліктің ең үлкен белгісі, сол жолда аянбау
болып табылады. Құлай сүйген кісі, сүйіктісі үшін еш нәрседен
тайынбайды. Алуан түрлі машақаттарға төтеп береді. Аллаһқа иман
келтіргенқұлдардыңда, Аллаһжолында аянбауларықажет.Парыздардан
тыс игіліктер жасауы керек. Өйткені Аллаһ Тағала нәсіп еткен дүние-
мүлікті жұмсаудың ең дұрыс жолы, Аллаһ Тағаланың жолына сарп ету.
Хазірет Мәулана былай дейді:
«Дүние-мүлік пен дене, қар секілді ериді де кетеді. Бірақ осы екеуі
Аллаһ жолында жұмсалса, Аллаһ екеуін де сатып алады. Құран Кәрімде
Аллаһ Тағала былай дейді:
«Күмәнсіз Аллаһ, мүминдердің жандары
мен малдарын төлеуін жәннат ретінде сатып алды»
(Тәубе сүресі, 111-аят)
.
Осылайша Аллаһ Тағала сатып алған нәрсе еріп, құрып кетуден аман
қалады».
Ұлы Раббымыз, атап айтсақ қиын шақтарда Аллаһ жолында аянбау
керектігіне тоқталады. Құлдарының осы жолдағы әрекетін «әл-қарзул-
хасан», яғни игі қарызға теңейді.
Аллаһ жолында аянбау кәміл мүминдердің сипаты болып табылады.
Сондай-ақ мұндай әрекет құлды Раббысына жақындата түсері сөзсіз.
Құран Кәрімдегі көптеген аяттар сөзімізге дәлел бола алады.
Аллаһқа шынайы иман келтірген жан жомарт, мейірімді, қарапайым
жан болады. Ол екі дүниенің бақытын сыйлайтын ислам дінін барша
жанға ұғындыруға күш салады.
Өзгенің қамын өзінен артық күйттейтін мүмин әрдайым бауырына
қол ұшынбереді. Барша іс-әрекетіненАллаһқа дегенразылық байқалады.
Ол әрдайым панасыздардың, әлсіздердің қасынан табылады.
Бізге, іс-әрекеттерімен теңдессіз үлгі ретінде ғұмыр кешкен ардақты
сахабалар Аллаһ Елшісіне деген махаббатты жүректерінің түкпіріне
орнықтырып, оның жолында аянбай тер төккен.
Жас сахабалар Аллаһ Елшісінің хаттарын тасу үшін бір-бірімен
жарысқа түскен болатын. Олар Аллаһ Елшісінің қандай да бір тілегін
орындау үшін еш нәрседен тайынбайтын. Машақаты мол сапар шегіп,
Аллаһ Елшісінің хатын патшалардың құзырында батылдықпен оқи
білген сахабалардың Пайғамбарды қалай жақсы көргендіктері көкірегі
ояу жанның көзіне оңай шалынады.
Хазірет Мәулана «Диуанул-Кабир» атты туындысында былай дейді:
«Алтынның яки жанның немесе інжу-маржанның сүйіспеншіліктің
жолына, яғни Аллаһтың жолына жұмсалмаса нендей құндылығы бар
дейсің?!»