Previous Page  134 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 134 / 462 Next Page
Page Background

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

(

134

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Мұғаз ибн Амр (р.а.) Бәдір ғазауатындағы өз басынан кешірген

уақиғасын былай деп әңгімелейді:

«Әбу Жәһилді қылышпен шапқанымда, оның ұлы Икрима да

қолымды қылышымен шапты. Қолым теріме асылып қалды. Күні бойы

осылайша қолым салақтап шайқастым. Бұлай шайқасу мүшкіл болды.

Мазамды алып қоймағаннан соң, қолымды аяғыммен басып жұлып

алдым»

(Ибн Хишам II, 275-276)

.

Бұл уақиға Аллаһ жолында аянбай тер төгудің тек бір мысалы ғана.

Иә, шайқасуға кедергі болған қолын жұлып тастау нендей ерлік!

***

Мусғап ибн Умайыр (р.а.) бай әрі абыройлы жанұяның баласы

болатын. Ең әдемі киімдерді Меккеде сол киетін. Хош иісті бағалы

иіссуларды да ол қолданатын. Әдемілігі ел аузына іліккен күннен

бастап Меккенің барша қызы соның соңында болатын. Бірақ ол мұның

барлығынан бас тартып, Аллаһ жолына түсті.

Хазірет Әли былай деп әңгімелейді:

«Бір күні Пайғамбарымызбен (с.а.у.) бірге мешітте отырған едік. Бір

кездеМусғапибнУмайыр (р.а.)мешітке кіріпкелді. Үстіндежамау-жамау

шапанынан басқа ешнәрсе жоқ еді. АллаһЕлшісі (с.а.у.)Мусғаптыкөрген

сәтте оның бұрынғы Меккедегі нығметке бөленген халі мен қазіргі халін

ойлап, көз жасына ерік берді. Кейін: «Араларыңдағы біреудің таңертең

бөлек, түсте бөлек киім киетін, алдына бір табақтың қойылып, өзгесі

алынатын, үйлерің Қағбаның жабуы секілді жабулармен жабылатын

(яғни дүние нығметтері берілген) шақта халдерің не болмақ?!» - деді.

Маңайындағы сахабалар: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Әрине ол күнгі

халіміз, бүгінгі халімізден жақсы болады. Өйткені, ол шақта (бүгінгі

қиыншылықтарымыз және) күнкөрісті уайымдамай, өзімізді толықтай

құлшылыққа береміз», - депжауап берді. АллаһЕлшісі (с.а.у.):

«Керісінше

бүгін сендер, ол күнгі болатын халден жақсы, хайырлы халдесіңдер»

, -

деді»

(Тирмизи, Қиямет 35/2476)

.

***

Шүкіршіл байлардың бірі болған Абдуррахман ибн Ауф (р.а.) нәпіл

ораза ұстаған күндерінің бірінде, ауыз ашарда алдына бірнеше астың

түрі қойылады. Ол қатты толқыды. Көзіне жас алып, былай деді:

«Мусғап ибнУмайырҰхуд ғазауатындашәһит болды. Олменен артық

болатын. Бірақ кебіндеуге бір шапанынан өзге түгі жоқ еді. Шапанмен

басын жапса аяғы, аяғын жапса басы көрініп қалды. Ал қазіргі таңда

бізге көп дүние берілді. (Шынын айтсам) жасаған игіліктерімнің өтеуі,

бұл дүниеде берілуінен қорқамын?!».