(
153
¥ÛÇÌÅÒ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
қойыңдар! Мына қарттың кім екенін білесіңдер ме? Мен жылдар бойы
жанұяма, балаларыма мән бермей казино, барларда қаңғып жүргенімде
мейірімділік танытып, оларға қол ұшын берген, тіпті әке орнына әке
болған, балаларымды тәрбиелеп оқытқан ерекше кісі», - деді.
Мұны естіген жолдастары бастары төмен салбырап, барлығы қарттан
кешірім сұрап дүкеннен шығып кетті. Мінекей Аллаһ разылығы үшін
жасалған инфақтың (қайырымдылық) бұл дүниедегі пайдасының ғибрат
толы үлгісі. Сонымен қатар
«Садақа пәле-жаладан сақтайды»
92
деген
хадис-шәріпінің көзге көрінер мысалы.
Мүмкіндігі шектеулі кісі аз садақа беріп, ал мүмкіндігі мол кісі мол
садақа беріп Аллаһтың разылығана қол жеткізуге күш салып, пәле-
жалаға қарсы тұру үшін өзіне қалқан дайындауы қажет.
***
Бір мұғалім кішкентай бір жүректің мұсылмандардың дерттеріне
ортақ болудағы жігерін, құлшынысын былай деп әңгімелейді:
«Боснияда соғыс қызып жатқан болатын. Сыныптағы оқушылармен
ол жерде болып жатқан жабайы, қорқынышты уақиғалар жайлы әңгіме
қозғадық. Оқушылардың бірі: «Ұстаз! Біз де оларға жәрдем берейік», -
деді.
Мен: «Отбасыларыңнан ақша сұрамау шартымен жәрдем жинайық»,
- дедім. Оқушылар еңбек дәрісінде қолдарынан келгендерін жасайтын
болды. Ал мен олардыңжасаған дүниелерін он бес күннен кейінБоснияға
жәрдем үшін ұйымдастырылатын жәрмеңкеге апарып, сататын болып
келістік.
Бір аптадан кейінгі дәрісте оқушылардың көпшілігі менің көзіме өте
құнды, бағалы болып көрінген, жасаған кішкентай дүниелерін әкеліп
тапсырды.Бірнешеоқушыбітіругеүлгереалмағандықтарынайтып,келесі
дәріске міндетті түрде әкелетіндіктеріне уәде берді. Барлығы бақытты
еді. Алайда алдыңғы партада отыратын үлгерімі жақсы оқушылардың
бірі Сонгүл дәріс бойы басы салбырап, жұмған аузын ашпады. Қоңырау
шалынғанда Сонгүл үн-түнсіз қасыма келіп: «Босния-Герцогавиниядағы
бауырларыма жәрдем ретінде беруге тек мынаны таптым, ұстаз! Құдай
қаласа бір көмегі тиіп қалар», - деп қолыма бір нәрсе қыстырып, жалт
бұрылып кете барды. Қолымды ашып қарасам, автобусқа мінетін оқушы
билеті екен. Мен өз-өзіме: «Босния-Герцогавиниядағы оқушылардың
дәл осындай билетпен автобусқа мінеді деп ойлаған шығар», - дедім.
Күлімсіреп орнымнан тұрдым.
Мектептен шыққанымда жаңбыр шелектеп жауып тұр еді. Көлігіме
92. Тирмизи, Зекет 28/664; Суюти, әл-Жамиғус Сағир І, 108.